Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Ондағы қатысушылар арасында «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова сөз сөйледі.
Ол сөзін: «Мен - еріктімін. Мен үшін ерікті болу – жай ғана сөз емес, өмірлік ұстанымым! Өйткені ерікті болу өз елін, халқын сүю дегенді білдіреді», - деп бастады. Қоғамдық қордағы еріктілер санын 10 мыңға жеткізген А.Ерниязова қазіргі таңда елдегі түрлі іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жүрген қоғам белсендісі. Қоғамдық қор төрайымы: «Мен өз еріктілеріме үнемі ерікті жұмыспен айналысыңыздар. Осының өзі рухани жаңғыру екенін айтамын» дейді. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарияларға, белгілі бір жағынан мұқтаждарға көмектесуді көздейтін Еріктілердің бірыңғай базасын құруды ұсынды. Сондай-ақ Айсұлу жастарды елге қызмет қылуға шақырды.
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,
Egemen Qazaqstan