• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2019

Бүркітші қыз Айшолпан Астанада бүркітшілер мектебін ашуды ұсынды

748 рет
көрсетілді

Бүркіт баптап, Алты Алаштың атағын аспандатқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Елбасына жастарға жасалған үлкен мүмкіндіктер үшін алғыс білдірді.

Айшолпан арман-ұсыныстарын білдіріп, салт-дәстүрімізді дәріптеуге шақырды.

«Астанада және басқа қалаларда қазақтың салт-дәстүрін оқып-үйрететін орталықтар, соның ішінде бүркітшілер мектебі ашылса деген арманым бар» деді ол.

Сөз соңында бойындағы қазаққа тән қонақжайлығын танытып, Нұрсұлтан Назарбаевты дәм татуға шақырды.

«Мен Моңғолияда туып-өссем де, Атамекенім – Қазақстанды ешқашан ұмытпадым. Сол Алтайдағы аз қазақтың аманаты бар еді. Сізді Байөлкеге қонақ болуға шақырамыз, ақ дастарқаннан дәм татып кетсеңіз - алыстағы ағайынның рухы бір жасап қалар еді» деді Айшолпан.

Айта кетейік, бүркітші қыздың ерекше қызығушылығын америкалық режиссер деректі фильмге арқау етсе, австриялық әнші Sia бейнебаянның негізгі желісіне айналдырған болатын.