• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қаңтар, 2019

Қызылорда қаласында 53 мыңға жуық отбасы жер кезегінде тұр

1291 рет
көрсетілді

Ал, он жылдан астам жер кезегінде тұрып телімін алған азаматтар үй салуға асықпай келеді.

2016 жылы «Бәйтерек» шағын ауданы ашылып, алты мың адамға он соттықтан жер бөлініп берілген. Қажетті инфрақұрылым да тартылған. Алайда, жер кезегінде 2005 жылдап бастап тұрған отбасылардың арасында үй салуға әзір асықпайтын азаматтар жетерлік екен.

- Біз 2005 жылы жер кезегіне тіркелген тұрғындар мәселесін толықтай шештік. Енді 2006 жылы жасалған тізімге кезек келді. Барлық инфрақұрылым мәселесі шешілген «Бәйтерек» шағын ауданында пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл жерлер кезекте тұрған келесі азаматтарға беріледі, - деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

«Үйім жоқ, жер беріңдер» деген азаматтардың салғырттығының арқасында оларға жерін босатып беруге тура келейін деп тұр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы