• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2019

«Бастау» мыңдаған үміткердің шамын жақты

580 рет
көрсетілді

Елбасы жастармен өткен кездесуде «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының «Бастау» жобасының 43 мыңға жуық азаматты кәсіпкерлікке оқытқанын айтқан еді. Ал Қызылорда облысында 1600-ден астам адам осы мектептен өтті. 

Олардың 319-ы мемлекет та­рапынан жеңіл несие алса, 75-і инновациялық мақсат­қа берілетін гранттың иесі атан­ған. Шағын және орта кәсіпке негізделген бизнес мыңдаған жұ­мыссыздың қолына ба­лық емес, қармақ ұстатты.

– Бағдарламаның негізгі мақ­саты – ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамты­ған азаматтарға осы «Бастау» жобасы аясындағы кәсіпкерлік негіздерін оқыту, әрі қарай сүйе­мелдеу жұмыстарын жүр­гізу. Кәсіп­кер­лік негіздерін оқытып бол­ғаннан кейін қажетті­лікте­ріне сай бір ай ішінде бизнес жоспар дайындау және банк­термен қалай жұмыс істеу керек, барлығын толық үйре­ніп шығатын болады, – дейді облыстық Кәсіпкерлер пала­тасының бөлім басшысы Фархат Әбжаппаров.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы