• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2019

Шынжыр табанды «УАЗ»-ымен қар тазалайды

831 рет
көрсетілді

«Кәрі құда» Қазталов өңіріне мыр­залығын таны­тып-ақ бағуда. Екі күн ашық болса, үшінші күні қары мен боранын ала келеді. Бірақ мол қардан ығыр болып жатқан халық жоқ. Ауданда жолдарды тазалау, елді мекендермен байланысты үзбеу бір сәт те тоқтап қалмайды. Бұған ауданның шаруа адамдары да көмек қолын созып келеді. Соның бір айғағы – «Қайнар» шаруа қожалығының жетек­шісі, 70 жастағы Махамбет Бер­ма­ғамбетов ағамыз жол талға­май­тын көлігі арқылы қыс қаһарын жеңуге үлес қосуда. Ол арнайы шынжыр табан техникасын (тягач) «УАЗ» көлігіне орнатты. Қан­дай қалың қар болса да бұл техника ешқандай сыр бермейді. Қа­зіргі күнде Махамбет ағамыз шал­ғай­дағы мал қыстағына осы көлік­пен қатынас жасаса, сонымен қатар Қазталов ауылдық округінің басқа шаруа қожалықтарының шаруа­ларына да көмегін беруде. Сон­дай-ақ ауылда ағамыздың бұл техникасына сұраныс та көбейіп отыр.

Әсем БОЛАТ

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы