• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2019

Қарағандыдағы №92 гимназияда «Қасымтану» бөлмесі ашылды

693 рет
көрсетілді

 

Қарағанды қаласындағы №92 гимназияда ашылған «Қасымтану» әдебиет бөлмесіне дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың кітаптары, оқушылардың оған арнаған жобалары мен ғылыми жұмыстары, сондай-ақ жерлес ақын-жазушылардың шығармалары жинақталған.

Әдебиет бөлмесінің дәл осы мектепте ашылуы кездейсоқтық емес. Өйткені, бұл жерде жыл сайын «Қасым оқулары» атты ақындар мүшәйрасы өтіп тұрады. Бұдан бөлек, биыл аталған гимназияның оқу бағдарламасына «Қасымтану» курсы енгізілген.

 «Қасымтану» бөлмесінің ашылу салтанында ақын Серік Ақсұңқарұлы құттықтау сөз сөйледі.

– Қарағанды – Қасымның туған өлкесі, ол осында дүниеге келген. Мұнда, қазақ гимназиясында, оның туған жерінде «Қасымтану» бөлмесін ашу – айтулы оқиға. Біз бұған өте қуаныштымыз. Келешекте бұл жерден елін сүйетін нағыз патриоттар тәрбиеленіп шығады деп ойлаймын, – деді ақын.

«Қасымтану» бөлмесі оқушыларды кітап оқуға баулып, оларға жерлес ақынның шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беру мақсатында ашылған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Egemen Qazaqstan»

Қарағанды