• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2019

Нью-Йорк полицейлері қазақстандық қызды ұстады

466 рет
көрсетілді

Нью-Йорк полицейлері қазақстандық 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны ұстады. Бұл туралы америкалық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап Tengrinews хабарлады.

Жергілікті CBS NewYork телеарнасының мәліметінше, 24 қаңтарда полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны ұстаған. Қазақстандық қыздың адамдарға өзін жылжымайтын мүлік жөніндегі агент ретінде таныстырып, 2018 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында бірнеше адамды тонағаны айтылады. Ол Facebook желісінде пәтерлер жайлы хабарламалар жариялап, өзін риелтормін деп алдап жүрген.

Басылымның мәліметінше, тағы бір ер адам мүлікті жалға беріп, алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бірақ ол әлі бостандықта. USA.one мәліметінше, мұндай алаяқтық жағдайы бірінші рет 2018 жылдың 30 сәуірінде болған. Алаяқ қыздың жалдамалы пәтер жайлы жарияланған хабарламасын көрген 22 жастағы қыз оған хабарласқан. Ол өзін риелтор таныстырған адамға кепіл ретінде 500 доллар қалдырып кеткен. Сол күні "мүлік жөніндегі агент" ол пәтерді басқа бір әйелге жалға беріп жіберіп, одан тағы 200 доллар алған.

Бірнеше айдан кейін осындай жағдай Мидвудте қайталанған. Онда 25 жастағы қыз алаяққа кепіл ретінде 700 доллар қалдырған.

Кейінірек әлеуметтік желілерде қыздың паспорты түсірілген суреттер таралды. Онда Махаббат Әбдуалиеваның Қазақстан азаматшасы екені көрсетілген.