• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2019

Жастар жылы – өзгерістердің бастауы

1453 рет
көрсетілді

«Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінованың Жастыр жылына қатысты пікірі. 

Жастар жылы біздің мемлекетіміздің дамуындағы үлкен өзгерістердің бастауы болады. Біз бәріміз осы күнді жаңа бастамалар, орасан зор өзгерістер бастауы ретінде ерекше сезіммен күттік. Елдегі жастарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынына кәміл сенемін. Жастар жылының басты серпілісі – жастар экономика мен әлеуметтік дамудың жүргізушісі. Мемлекет жастардың дамуына жеткілікті қаражат жұмсады. Ал енді Қазақстанды жаңаша қалыптастыратын уақыт келді.

Соңғы онжылдықта жоғары білімі бар жастардың саны төрт есеге артты, орта арнайы білім екі есе өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны алты есе өсті, ал қалалық тұрғындардың білім деңгейі төрт есе артты. Жалпы, 16-дан 29-ға дейінгі жас қазақстандықтардың 40%-ы жоғары, толық емес және орта арнайы білімі бар. Сапалы білім жастардың негізгі «Әлеуметтік лифті» айналды. Мыңдаған жас халықаралық деңгейде орта және жоғары білім алуға қол жеткізді.

Мемлекет басшысының ұзақ мерзімді саясатының арқасында әрбір қазақстандық «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бағдарлама түлектері өз білімдерін сәтті қолданып, еліміздің дамуына жаңа идеялар енгізді. Ашылу салтанатында Мемлекет Басшысы жас ғалымдарға жыл сайын үш миллиард теңге гранттық қаржыландыруды ұлғайту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Үкіметке еліміздің ірі бизнес компанияларымен бірлесіп, жастар стартаптарын қолдау үшін арнайы қор құруды тапсырды.

Елбасымыздың жастарға айтылған сөздері – ел дамуының айқын түсіндірілуіне арналған тағы бір хабарлама. Іс-шара соңында әрбір жас қазақстандық еліміздің игілігіне қызмет етуге ниет етіп, еліміздің өркендеуіне барлық мүмкіндікті жасауға ұмтылады деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы атап өткен бағыттар бойынша үлкен жобалар жоспарлап отырмыз. «Мансап орталағы», жас мамандарды еңбекпен қамту және мансаптық қолдау көрсететін жобаны ары қарай іске асыруды жалғастыра береміз. Бос жұмыс орын іздеуге арналған Hr.bolashak.kz тегін сайты жұмысын жалғастырады. «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып, «Болашақ» қауымдастығының «English for Jastar» жобасы, онда өткен жыл қорытындысы бойынша шамамен 5 500 ауылдық бала ағылшын тілін үйренді. «Bolashaq Education» бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылады. Олардың қатарында Астана, Алматы қалалары мен басқа да аймақтарда өтетін «Біздің біліміміз – біздің елімізге» жобасының аясындағы оқу лекциялары бар. 2019 жылдың 12 қаңтарында «Болашақ» қауымдастығы Жастардың Жылын ашу қарсаңында Қазақстанның жетекші кәсіпкерлерінің қатысуымен «Bolashaq Business Forum» форумын өткізді.