• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2019

Жанкүйерлер Халық Аренаға Денис Теннің атын беруді ұсынды

547 рет
көрсетілді

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанкүйерлері Алматыдағы «Халық Арена» кешеніне спортшының атын беруді ұсынды.

Жанкүйерлердің бастамасымен «Халық Арена» кешенін спортшының есіміне ауыстыру туралы онлайн петиция әзірленген.

«Біз, Денис Теннің жанкүйерлері, достары, оны жақсы көретін жандар Алматы әкімдігінен Алматы қаласы Құлжа тракт, 2 көшесінде орналасқан Халық Арена мұз айдынының атауын тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарының (2014), Әлем чемпионаттарының (2013, 2015), Төрт континент чемпионатының (2015), Қысқы универсиада, Қысқы Азия ойындарының медальдеріне (2017) ие болған бірінші және жалғыз қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ИСУ турнирінің медалін жеңіп алған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген шебері, алматылық Денис Теннің атына ауыстыру мәселесін қайта қарауды сұраймыз.

Денис Тен қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың беткеұстары болды, еліміздегі спорттың бұл түрінің негізін қалаушы және Қазақстанның халықаралық спорт имиджінің нығаюына өзіндік үлесін қосты.

Денис өмірін елінің өсіп-өркендеуіне арнады, шығармашыл жастарға , жас спортшыларға және отандастарына шабыт сыйлады.

Біз, Қазақстан азаматтары қазасы әлемді қайғыртқан көрнекті мәнерлеп сырғанаушының есімін мұз айдынына беруді жөн санаймыз және оның есімін осылай ардақтағымыз келеді», - делінген петицияда.

Бүгінге дейін онлайн петицияға 11 мыңнан аса адам қол қойған.