• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2019

Павлодарға қарасты Кенжекөл ауылы жартылай жарықсыз

543 рет
көрсетілді

Облыс  орталығына қарасты Кенжекөл ауылдық аумағының әкімі Серік Шуақбаев тұрғындар алдында есеп берді. Өткен жылғы жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарларын таныстырды.

Әкімнің айтуынша, ауылдық аумақта 8 мыңнан астам тұрғын бар.  Былтыр төртінші деңгейлі бюджетке көшкен ауыл бюджеті 189 миллион теңгені құрапты.

Мысалы, 43 миллион теңгеге 4 көшенің жолы жөнделсе, 7 миллион теңге қысқы уақытта жолды қардан тазалауға бөлінген.

Биыл 300 орындық мәдениет үйі берілмек.

Ауылдық аумақта 1572 үйдің 394-і мал ұстайды. Барлығы 1873 бас ірі қара, 1 мыңнан астам жылқы мен 4114 қой-ешкі бар.

Ал, «Жаналы- Агро» кооперативі сүт өндіріп, ет-сүт өнімдерін сатады. Байдала ауылындағы «Мұстафинов» жеке кәсіпкерлігі жүнді өңдеп, жыл сайын 7 мың пима, 3 тонна текемет дайындайды

Жиында тұрғындар көшелерді жарықтандыру мәселесі жайлы айтты. Ауылға кіреберіс жолдарға  керектігін жеткізді.

- Балалар мектептен келгенде алдарынан шаммен шығып, қарсы алуға мәжбүрміз. Кеш түссе болғаны, айнала қараңғы, - дейді  тұрғындар.

Көрші Байдала ауылында да кіреберіс көшеде жарық жоқ. Ауыл әкімі Серік Шуақбаев көшелерді жарықтандыруға қалалық бюджеттен 76 миллион теңге қарастырылғанын айтты. 

Байдала ауылының кіреберіс жолына жарық шамдарын орнату үшін де 9 миллион теңге керек. Бұл мәселе жергілікті мәслихаттың наурыз айындағы сессиясында талқыланбақ.

Тұрғындар мал қорымының маңына иттерді көміп кететін жайлар туралы да айтып берді.

Сонымен қатар, есептік кездесуде қалалық полиция басқармасы Оңтүстік бөлімінің бастығы Аршат Есматаевтің айтуынша, былтыр ауылдық аумақта 38 қылмыс тіркелген.

Қала іргесіндегі ауылда орталықтандырылған жүйеге қосылмаған үйлер бар.  Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, заңсыз қоқыс орындарын азайтуға қатысты  қала әкімі  Әнуар Күмпекбаев жергілікті ауыл әкіміне  тапсырмалар берді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР