• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2019

Өңірдегі көлік ағыны қырағы бақылауда

753 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Полиция департаменті өз қызметкерлерінің күнделікті қызметіне сандық технологияларды енгізу бо­йынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, өткен жылдың соңын ала Қордай ауданында құқық қорғау органдары жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелілігін арттыруға бағытталған «Автоураган» төрт аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істей бастаған болатын. 

Бұл өз кезегінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмектесіп қана қоймай, азаматтардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. 

Бұл жұмыс биылғы жылы да жалғасын табуда. Қа­зір­гі заманғы технологиялар қо­ғамдағы заңдылық пен құ­қық­тық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан да жаңа аппараттық-бағ­дар­ла­малық кешендерді орналастыру өңір полицейлерінің де жұмысына серпін беретіні анық. Сонымен қа­тар Қор­дай ауданының Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сымен шека­­ралас орналасуы да аталған ауданға баса назар аударуды талап етеді. Қордайлық полицейлерге заманауи аппараттық кешенді сатып алуға қаржы бөлу мә­се­ле­сі Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бас­тамасымен көтерілген бола­тын. Нәтижесінде заманауи құрылғылар бүкіл Қордай ауданын тұтас қамтыды. Енді көрші Қырғыз Республикасы, Ал­маты облысы және бас­қа да ай­мақ­тар­дан келген бар­лық көлік ағыны атал­ған кешендердің қырағы ба­қы­лау­ында болады және оларға қатысты тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Жалпы алғанда, бүгінде Та­раз­дың көше жол желілерінде жол қозғалысы ережелерін бұзу­ды тіркейтін және ұрланған көліктерді іздестіретін 40 ке­шен жұмыс істеуде. Ал «Авто­ура­ган» кешені аймақтың 34 бекетіне орнатылған. Мы­са­лы, облыстық полиция де­пар­та­мен­тінің мәліметінше, өткен жылы ғана «Автоураган» және бейнебақылау құралдарының көмегімен екі кісі өлтіру, екі қарақшылық, 32 кісі тонау, 45 бұзақылық, 69 ұрлық және 200 көлік айдап әкету, сондай-ақ 24000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған екен. Ал жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты айыппұл мемлекет қазынасын 40 миллион теңгеге толықтырған.

Ендігі жерде тиісті кешендер қылмыстың ізін суытпай ашуға, сәт сайын Жамбыл облысына келетін және ай­мақ­тан шығатын барлық кө­лік­­ті бақы­лау­ға мүмкіндік бе­ре­ді. Ал елі­мізде жедел қолға алынған цифр­ландыру үрдісі Жамбыл полицейлерінің де қызметіне жылдам қар­қын­мен енгізілгенін айта кет­кен жөн. Бұдан кейінгі уа­қыт­тарда да облыстық поли­ция департаменті облыс әкім­ді­гі­нің қолдауымен облыс­тың негізгі көлік жолдары мен басқа да аудандарда осындай «Автоураган» кешенін орнатуды жоспарлап отыр.

Хамит ЕСАМАН,

«Egemen Qazaqstan»

Жамбыл облысы