• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2019

Рухани және эстетикалық модельдің арқауы

861 рет
көрсетілді

Жастар жылының ашылу салтанатында Президент тарапынан да, жастар тарапынан да көптеген жақсы ұсы­ныстар айтылды.

Енді осы ұсыныстар, Елбасы тап­сырғандай нақты іске асса, біршама нәтиже болатын сияқты.  Мен өзі әдебиет саласы­ның өкілі болғандықтан, жиында семейлік заманда­сым, жас ақын Мерей Қарт­тың Қазақстанда әдебиет академиясын құруды қолдау туралы бастамасын қуана құптаймын. Ол ұсыныс  бұған дейін Астанада өткен  Жас­тар форумында, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек тарапынан айтылып, жастар арасында кеңін қолдауға ие болған еді. Енді бұл мәселеге мемлекеттік тұрғыда көңіл бөлініп, шешімін тауып жатса, неге қуанбасқа?

Жалпы, әдебиет дегені­міз – альма-матер, идеялар локо­мотиві. Әдебиет және оның жанр­лары тудырған идеялар барлық гуманитар­лық, ғылы­ми-теxникалық прогрестің қайнар бастауын­да тұр. 

Сондықтан академия­ның құры­луын қолдай­мын! Әде­биет академиясы – жаңа идея­лар академия­сы, жаңа қазақ­стандық руxа­ни-эстетикалық модельдің арқауы болады деп ойлаймын.

Ерлан ЖҮНІС,

ақын, Қазақстан жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының жетекшісі