• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы № 213

279 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы № 213

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:04

Алматы қаласы, 2011 жылғы 26 желтоқсан

2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республи­касының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұ­мысқа қол жеткізу мақсатында Қа­зақ­стан Республикасы Ұлттық Банкі­нің Басқармасы қаулы етеді:1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі – 2011 жылғы  30 желтоқсаннан бастап 2013 жыл­ғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.

2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:1) екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлға­ларға өз кассаларынан, сондай-ақ бан­коматтар арқылы беруді жүзеге асырады;операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республика­сының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрле­рiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылық­тарды инкассациялау операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы №58 қау­лысына (Нормативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізі­лімінде №1482 тір­келген) сәйкес Қа­зақстан Республикасы Ұлттық Банкі­нің (бұ­дан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;2) Ұлттық Банктің филиалдары:ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұл­ғаларға айналым кассаларынан беру­ді жүзеге асырады;заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақ­стан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ере­жесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы №467 қаулысына (Нор­мативтік құ­қықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде          №2685 тіркелген) сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктер­дің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.3. Осы қаулы алғашқы ресми жария­ланған күнінен кейін күнтіз­белік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2012 жылғы 17 қаңтарда №7382 тіркелген.