• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2019

Ерікті болу – жүректің ісі

2351 рет
көрсетілді

Президент өз сөзін ең алдымен жастарға, яғни біз­ге арнай отырып тұтастай мем­ле­кеті­­міздің алдында тұрған мін­дет­терге терең талдаулар жас­а­ды әрі әлемдік даму көші­­нен қалып қоймаудың басты фор­муласын ұсынды. Мені Нұрсұлтан Назарбаевтың жас­тық шағындағы ой-сезім­дерін жоғалтпағаны, дәл жас­тарша ойланып-толғана алатыны тәнті қылды. Елбасының жас­тарға қа­тыс­ты мәселе­лер­ді терең түй­­сі­не білетіні таңғал­дырмай қой­­майды. Біз – Қазақ елі тер­ритория­мыз үлкен бол­ға­нымен, хал­қымыз аз мем­л­е­кет­піз. Осы­ндай жағ­дайда жас адам­дар­дың өз уақы­тында отбасын құ­рып, нәрес­телі болуының әлеу­меттік-дем­о­­­графиялық ба­­­ғыт­тағы орны ерекше. Елба­сы­ның осы мә­селеге қатысты пікір­лері де заман­дастарымызға ой салғаны анық.

Ерікті болу – ардың, жүректің ісі ғой. Бұл үшін олар біреуден ақы дәмет­пейді. Әйтсе де Мем­лекет бас­шысы өз тарапынан оларға қолд­ау мен ынталандыру шаралары қажет екенін айтқаны елімізде ерік­тілер қозғалысының одан әрі да­муы­на септігін тигізеді деген ойдамын.

Ольга ЦЕСЬКО,

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің әлеуметтанушы  маманы

АҚТӨБЕ