• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2019

Шежіре қарттың әңгімесі

675 рет
көрсетілді

Жазушылар одағының мүшесі, Халық ақыны Омар Шипин академик-жазушы Сәбит Мұқанов пен оның жолсерігінің ортасында өткен күндерден сыр шертуде. 

Сексеннің сеңгіріне шыққан шежіре қарт. «Отызда Имановты іздеп таптым» – деп жырлағанындай, өткен ғасырдың басында патша жарлығына қарсы көтерілісті бастаған Амангелді Имановтай батырдың жанына еріп, елді Амангелді туының астына жиналуға үгіттеп жыр толғап, еңсесі  түскендерді ерлікке шақырған ақын. Бұл сурет осыдан 58 жыл бұрын түсірілген екен.

Омекең 12 кітаптың авторы, небір додалы айтыстарда бас ақын ретінде айтыс­керлердің жыр сайысында әділ бағасын, ақ батасын беріп отырған. Биыл абыз ақынның туғанына 140 жыл толмақ.

Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері