• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2019

Шығыс Қазақстанда мектептерде сабақ тоқтатылды

493 рет
көрсетілді

Шығыста аяз ақырып тұр. Соның кесірінен бүгін облыстың бірнеше аудан-қалаларында сабақ тоқтады.

Өскеменде (-28 градус) 1 ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары, Семейде (-29 градус) 1 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері, Риддер (-32 градус) мен Курчатов (– 31 градус) қалаларында да дәл осылай оқушылар мен колледж студенттері сабақтан қалуға мәжбүр болды. Алтай және Шемонаиха аудандарында да (-28 градус) 1 ауысымдағы 1-4, Аягөз ауданында (– 28 градус) 1 ауысымдағы 1-9, Бородулиха ауданында ( – 33 градус) 1 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 студенттері,  Абай ауданында (– 29 градус) 1 ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары, Бесқарағай (– 33 градус)  мен Жарма (–  30 градус) аудандарында 1 ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен  колледждердің 1-2 курс студенттеріне жоспарсыз демалуға тура келді.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы