• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2019

Жалағаш ауданында күн сәулесінен энергия алынады

521 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылы жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында Жалағаш ауданының шығыс жақ бөлігінде 30 мВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясын салу жоспарлануда. Жобаның бастамашысы – «Nomad Solar» ЖШС.

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев бұл жобаның аудан үшін маңызы зор екендігін айтады. Жоба іске асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті бюджетке жыл сайын 120 млн теңге көлемінде кіріс кіретін болады.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында кент аумағынан 164 га жер учаскесі берілген. Болжамдық құны 19,0 млрд теңгені құрайтын жобаны Греция мемлекетінің «Метка» компаниясы жүзеге асыратын болады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

  Қызылорда облысы