Алдағы тәулікте аяздың орнын қар мен бұрқасын басады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК Баспасөз қызметі
Қаңтар айының соңғы күндерінде ауа-райында елеулі өзгерістер болмайды. Әдеттегідей, қатты аязды жылы ауа-райы алмастырады. Алдағы тәулікте 35 градустық аяз суық антициклонмен бірге шығысқа қарай ығысып, Қазақстанға Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон келеді. Солтүстік-шығысқа қарай ығысу барысында циклонмен қар, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында көктайғақ және тұман, солтүстік, шығыс және орталықта қар, бұрқасын, оңтүстік-батыс желі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.