• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қаңтар, 2019

Мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып үлгерді

445 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ерекше көңіл бөледі. Елдің жаңа буы­нына деген қамқорлығы Қазақстан Республикасы халқының төрттен бір бөлігін құрайтын адамдарға деген терең сенімге негізделген.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндері­нен бастап біздің еліміз жастарды барлық салаларда, ең алдымен білім алу, кәсіпті игеру, жұмыс табу­да өзін-өзі жүзеге асыру үшін көп мүм­­кін­діктер жасауға тырысуда. Жастарға қол­дау көрсету үшін мем­ле­кет­тік бағ­дар­ламалар жасалды және олар табысты жұмыс істеуде. Нәтижесінде еліміздегі жастар сапалы білім алып, жаңа мамандықтар мең­­геріп, өз үйлеріне ие болып, жұ­мыс істей бастады.

Көп нәрсе атқарылды, алайда про­грес­тің шектелмеуі өте маңызды. Сол себепті Жастар жылы­ның ашылуын­да Мем­лекет басшысы Үкіметке жас қазақ­стан­дықтардың өзекті қажетті­ліктерін қана­ғаттан­дыруға арналған қара­пайым және түсінікті қолдау амалдарын тапсырды. Бүгінде олар бәріне белгілі қолжетімді және сапа­лы білім беру, тұрғын үйге қол­жетім­ділік, жұмыс, отбасын құру мүмкіндігі.

Бұлардың ішінде, мысалы, Астана, Алматы және Шымкент қала­­ларында жұмыс істейтін жастар үшін жылына кемінде бір мың пәтер салу ісі өте маңызды. Соны­­мен қатар бұл пәтерлер жалға беріле­тін тұрғын үй­лерге жатады. Белгілі болғандай, бұл үш қала бүгінгі күннің өзінде ішкі көші-қон және бүкіл Қазақ­станның аймақтарынан жастарды тарту орталығы болып табылады. Мұнда жастар білім алуға, жұмысқа, жеке бақытқа ұмтылады.

Президенттің бірқатар ұсыныс­тары Жастар форумында ыстық ықы­лас­пен қабылданды. 

Асара Мұқанова,

Президент жанындағы ҚСЗИ (KAZISS) Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты