Словакияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншы Людмила Ахатова үздік жиырмалыққа енді деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарысқа қатысушылар ішінен 85 спортшы ғана мәреге жетті. Ахатова ату алаңында бір рет мүлт кетіп, 15-ші орыннан көрінді.
Ол әлем чемпионатында ұпай жинау мүмкіндігін алып, жасөспірімдер арасындағы IBU кубогінде 51-ші орында тұр.
Ұпай жинау мүмкіндігіне Евгения Красикова да енді. Надежда Пивоврова мен Инга Мартенс көрсеткіші әзірге жақсы емес.