Бірнеше күн бұрын Алматы облысының Көксу ауданының аумағында көлік қағып мерт болған адамның мүрдесі табылды еді. Полицияның дерегінше, оқиға Алматы – Өскемен тас жолының 189-шақырымда болған.
Тексеру қайтыс болған адамның денесін екі көліктің таптап өткенін анықтағасын, облыстың жол-патрулдік полициясының жеке роталары жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтиже көп күттірмеді. Полиция жол бойындағы адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен «Гелендваген» көлігін тапты. Мұнан кейін жол үстінде қимылсыз жатқан мүрдені екінші мәрте жаншып өткен «Камаз» жүк көлігі екені анықталып, жүргізуші ұсталды.
Қазір ұсталған екі жүргізушіге қатысты тергеу басталып, «Қылмыстық кодекстің» 345 бабының «адам өліміне соқтырған жол ержесін бұзу» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы