• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қаңтар, 2019

Былтыр Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 290 жаңа жұмыс орны ашылды

786 рет
көрсетілді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы Қорғалжын ауданы бюджеттің шығыс бөлігін орындау бойынша облыста 3-орынды иеленіп отыр.

2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені  құрады. Ауданда шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Өткен жылы мемлекеттік түрлі бағдарламалардың аясында 30 адамға жеке кәсібін ашуға несие беріліп, нәтижесінде 290 жаңа жұмыс орны ашылған.        

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы жыл санап қарқынды даму үстінде. Өткен жылдың өзінде саладағы жалпы өнім көлемі 7,5 миллиард теңгені құраған. Ауданда мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілер мен жеке кәсіпкерлердің саны көбейіп келеді. Қазіргі таңда 15 тауар өндіруші мен 90-ға жуық шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкер бар.

– Ауданның артықшылықтарын ұтымды пайдалану керек деп ойлаймын. Яғни, ауданда өзен-көл көп.  Нұра өзені бар даланы басып ағады. Сондықтан да суармалы егіс алқабын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Тұрғындарға  картоп, қызылша, сәбіз өсірулеріне әбден ыңғайлы. Бүгінгі таңда бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жайылым да жеткілікті, мал басын көбейтіп,  құс шаруашылығын дамытуға іздесең таптырмайтын жер, – дейді Қорғалжын ауданының әкімі Бауыржан Ғайса.   

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Қорғалжын ауданы,

Ақмола облысы