• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қаңтар, 2019

Дидар Әмірәлі: Еуропа чемпионына тактикалық тұрғыдан есе жібердім

787 рет
көрсетілді

Каратэден Парижде өткен Премьер-лига турнирінің жүлдегері Дидар Әмірәлі Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, рейтингілік бәсеке туралы ойымен бөлісті.

- Каратэ Олимпиада бағдарламасына енгелі бері, біздің спорттағы бәсекелестік одан сайын артуда. Бұдан бұрын да спортшылар саны аз емес еді. Париждегі додаға өз салмағындағы кіл мықтылар қатысты. Маған өз күшім мен тәжірибемді пайдаланып, үздік үштікке ену бақыты бұйырды. 

Бұл - менің Премьер-лига додасында жеңіп алған екінші медалім. Жалпы, Олимпиадаға ұпай жинау үшін жасаған алғашқы қадамым деп білемін. 

Жартылай финалға дейін сүрінген жоқпын. Бірақ әккі спортшы, Еуропа чемпионы, италиялық Лука Морескодан жеңілдім. 

Одан басым түсетін мүмкіндік бар еді. Алайда, тактикалық тұрғыдан қателік кетті. Дегенмен, мұның бәрі мен үшін үлкен сабақ. Алдағы жарыстарды ұпай жинауды одан әрі жалғастырамын, - дейді Дидар.

Еске сала кетейік, Дидар Әмірәлі 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Париждегі Премьер-лига турниріне Қазақстан спортшылары үш қола медальға ие болды.