• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қаңтар, 2019

Түркістанда жайылымдық жерлерді цифрландыруда тапсырма орындалмай отыр

1621 рет
көрсетілді

Түркістан облысындағы 707,2 мың гектар егістік жерлердің электрондық картасын цифрландыру жоспарланған болса, орындалғаны 687,8 мың гектар болып, 97,3%-ке жетіп отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н. Бадырақовтың  есепті баяндамасындағы мәліметтерге қарағанда, Жетісай ауданы - 68,2%, Мақтарал ауданы - 68,3 %, Сарыағаш ауданы - 86,9%, Келес ауданы - 87%, Төлеби ауданы - 88,1% бойынша көрсеткіштер төмен. Ал облыстағы жайылымдық жерлерді цифрландыру 35,8%-ға орындалған. Жайылымдық жерлерді цифрландыру жұмыстарын Түркістан қаласы - 4,9%, Сайрам ауданы - 6,8%, Мақтарал ауданы - 6,7%, Кентау қаласы - 9,4% ғана орындапты. Қалған аудандарда бұл көрсеткіш 25,0%-дан 59,6%-ға ғана жетіп, тапсырма толық орындалмай отыр.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы