Жексенбі, 16 желтоқсан 2012 7:23
Қазақстан баршамыздың ортақ Отанымыз. Шартты түрде әр түрлі ұлт пен ұлыстар өкілдері болып бөлінсек те, біздің баршамыздың басымызды қосатын бір құндылық болса, ол туған елге деген махаббатымыз. Сол еліміз бен жерімізге деген сүйіспеншілік баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдыра түседі. Елбасы өз Жолдауларында осы ұлтаралық татулық мәселесін үнемі көтеріп келеді. Бұл тым шетін әрі нәзік мәселе. Оған ерекше көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Қазіргі таңда қазақстандық қоғамда «Біз – қазақстандықтармыз!» деген түсінікті қалыптастыра отырып, елін сүюге және жерін қадірлеуге бағытталған көптеген шаралар жүзеге асып жатыр. Басты мақсат – барлығымыз бірігіп, Қазақстанды мығым да әлеуетті мемлекет мәртебесіне көтеруге атсалысу.
Жексенбі, 16 желтоқсан 2012 7:23
Қазақстан баршамыздың ортақ Отанымыз. Шартты түрде әр түрлі ұлт пен ұлыстар өкілдері болып бөлінсек те, біздің баршамыздың басымызды қосатын бір құндылық болса, ол туған елге деген махаббатымыз. Сол еліміз бен жерімізге деген сүйіспеншілік баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдыра түседі. Елбасы өз Жолдауларында осы ұлтаралық татулық мәселесін үнемі көтеріп келеді. Бұл тым шетін әрі нәзік мәселе. Оған ерекше көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Қазіргі таңда қазақстандық қоғамда «Біз – қазақстандықтармыз!» деген түсінікті қалыптастыра отырып, елін сүюге және жерін қадірлеуге бағытталған көптеген шаралар жүзеге асып жатыр. Басты мақсат – барлығымыз бірігіп, Қазақстанды мығым да әлеуетті мемлекет мәртебесіне көтеруге атсалысу.
Әрине, ең басты құндылығымыз бұл жерде Қазақстан халқының бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы. Сондай-ақ азаматтарымыз бір-бірінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қайта қолұшын беріп, қолдау білдіріп жатса, бұл – үлкен жетістік. Материалдық игіліктерден гөрі моральдық құндылықтарымыз басым болып, аға ұрпақтың тәжірибесін ала білсек, сонда ғана біз бір-бірімізді қадірлей де, сақтай да аламыз. Егер де бірлігіміз шеңбердей мығым болса, онда ешбір сыртқы қауіптер сол өзіміз орнатқан шебімізді бұза алмасы анық.Тәуелсіздігімізді алған 21 жылдың ішінде өз тағдырын тарихи отанымен байланыстыратындар кетіп, мұнда тек Қазақстанды өз елім деп санайтындар қалды. Елімізде қоғамға пайдамды тигіземін дегендерге барлық жағдай жасалған. Олай болса, әрбір қазақстандық өз жауапкершілігін сезініп, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс деп білемін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында бұл мәселе көрініс тапқан. Сондықтан да, барлығы адамның өзіне байланысты. Ал адам үшін қоғамды біріктіретін жайт – моральдық құндылықтар мен дәстүрлер үндестігі. Руханилық идеясы тәрбиелік немесе патриоттыққа шақыратын шаралар арқылы нығаяры белгілі.Адам бас тарта алмайтын материалдық құндылықтар болады, алайда, сананың азығы рухани құндылықтар екенін қаперден шығармаған жөн. Әрине, ол бойындағы табиғи қуат арқылы қоғамда өзіңді жақсы ұстауға ұмтылдырады. Елімізді осы тұрғыдан алар болсақ, мұнда татулық пен келісім стратегиялық бағыт ретінде қарастырылып отырылғаны айқын. Қазақ жерінде 130-ға тарта этнос пен 800 этномәдени бірлестік бар болса, олар этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделін қалыптастырды деуге толық негіз бар. Мұндай модельде мәдениеттерді жұмылдырушы принцип жатыр. Мемлекет тарапынан мәдениеттердің әртүрлілігін сақтау мен дамыту мақсатында этностық тілдер мен мәдениеттерді қолдау жүзеге асырылып келеді.Елімізде украин, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде оқытатын 88 мектеп жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде оқытыларын да айта кету керек. Бұдан басқа өзге де 30 этнос тілдерін оқытатын 195 арнайы лингвистикалық орталық ашылған. Бүгінгі таңда орыс, өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істеуде. Тағы бір ерекше айта кетерлігі, 11 тілде 35 этностық басылым шығарылып, 7 тілде телехабарлар және 8 тілде радиохабарлар таратылса, мемлекет тарапынан қаржыландыру 75 пайызға дейін жетеді. Барлығы да өздерінің сайттарын ашып алған және басылымдардың жалпы таралымы 80 мыңға жетеді.Ең басты шарт, еліміз аумағында мәдениеттер мен тілдерді жаңғырта отырып, бейбітшілік пен келісімді сақтау және тұрақтылықты нығайту болып табылады. Полиэтностық халық бір-бірінің рухани құндылықтарын құрметтеу мен өзара сыйластық негізінде жұмыла түскендігін көреміз. Барлық этностық топтардың мүдделері Қазақстан халқының Ассамблеясы арқылы жүзеге асып отыр. Мемлекет пен этностардың өзара ықпалдастығы этномәдени бірлестіктер арқылы нәтижелі жүргізіледі. Авторы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылатын этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық үнқатысу формуласында бірлікке көптүрлілік арқылы жету қағидасы сақталуда. Мұндай саясаттың ең басты нәтижесі – ұлттың жетістігі мен бағасы жоқ байлығы, халықтың бірлігі мен әлеуеті, тұрақтылығы мен бейбітшілігі.Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше екендігін де нығарлап айта кеткен жөн. Бұл ретте барлық этнос өкілдері мемлекетпен бірге азаматтық сәйкестікті құру үдерісіне толыққанды субъект ретінде араласуы орынды болмақ. Мұның барлығы да Қазақстанды жаңғырту міндеттеріне сәйкес елдің жедел әлеуетін арттыру міндеттеріне жауап бере алады. Қазіргі кезде қазақстандық этносаралық модель бірнеше негізгі құрамдас бөліктерді қамтып отыр. Біріншіден, азаматтардың сәйкестігі негізінде қоғамды жұмылдыру. Екіншіден, азаматтардың этностық және өзге де ерекшеліктеріне қарамай, барлығына ортақ жағдай жасауды кепілдендіру. Әрине, бұл жердегі басты мәселе азаматтық қоғамды жұмылдыру үшін патриоттыққа тәрбиелеу және рухани жағдайды қалыптастыруда болса керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 2-тармағында әркім өзінің ана тілі мен мәдениетін пайдаланып, шығармашылық пен оқыту, тәрбиелеу, қатынас тілін еркін таңдай алары жазылған. Біріктіретін принцип интеграция болса, ал байланыстыратын тізбектер ретінде мемлекеттік тілді, рухани құндылықтарды және әрбір этностың дәстүрі мен салтын ерекше атауға болады.Мемлекеттік тіл, сонымен қоса, мемлекеттегі халыққа қатыстылығын айғақтайтын адамның азаматтықты таңдауының негізі. Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл өзінің жеке бәсекеге қабілеттігі мен әлеуметтік жеделдігі факторын сақтай келе, елдің қоғамдық-саяси өміріне толыққанды қатысу, адамның саяси және азаматтық құқығын жүзеге асыру кепіліне айналды.Еліміздің Ата Заңының 7-бабы 3-тармақшасында мемлекет Қазақстан халқының тілін оқыту және дамыту үшін барлық жағдайды жасайды деп көрсетілген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та еліміздің ең бір құндылығы мен артықшылығы ретінде көпұлттылық, көптілділік және ұлтаралық татулық деп айтқан-ды. Иә, Конституцияның бұл нормаларын ешкім де бұзбауы тиіс. Бұл тіл баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс.Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз. Тұрақтылық – біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Рухани құндылықтар ол жасампаздық пен қайырымдылықты көрсететін адам санасының мықты жаңғыртушы құралы болып табылады. Әрбір этностың дәстүрі мен салты – бұл құндылықтар жүйесінің іргетасын қалайтын рухани мәдениеттің тууы үшін жағдай жасау. Мұның барлығы да Қазақстанды жаңғырту міндеттеріне жауап беретін елдің жеделдету әлеуетін айтарлықтай арттыра түседі.Жақында өткен бір конференция барысында қарар қабылданып, ол бойынша жарық, жылу, махаббат және әділеттілік халықтық өмірдің әрбір саласына жеткізетіндей жағдайлар қарастырылды. Сол сияқты біз де біріге отырып, қазақстандық қоғамда ыңғайлы өмір сүруіміз үшін жұмыла білуіміз қажет. Сонда ғана бір-бірімізге деген сенім мен бауырластық арта түседі.
Зухра САЯПОВА,Парламент Мәжілісінің депутаты.