• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2019

Үкімет отырысында Ерболат Досаев газдандыру мен тұрғын үй мәселесін қозғады

479 рет
көрсетілді

Бүгін Елбасының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев бірқатар мәселеге тоқталды.

Өткен жылы желтоқсанда «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы басталған.

«Бүгінде құрылысты қаржыландырудың мәселелері шешіліп, бас мердігер анықталды. Жобаны жүзеге асыру мен газ құбырын пайдалану кезеңінде 1 900-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады» деді Е. Досаев.

Сондай ақ ол «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында қанша несие берілгенін айтты.

«2018 жылдың 1 шілдесінен «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы басталды. Бүгінде 43, 7 млрд теңге сомасына 3 600 несие берілді. Жалпы 92 млрд теңгеден астам мөлшерде өтінімдер келіп түсті»  деп нақтылады Премьер-Министрдің орынбасары.