• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қаңтар, 2019

Елбасы суармалы егістік жерлерді көбейтуді тапсырды

599 рет
көрсетілді

Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы суармалы егістік алқаптарының аумағын арттыруды жүктеді.

«Кезінде еліміздің әр аймағында құдықтар саны көп болды, әр құдықтың төңірегінде отар-отар қой өсірілетін. Осы бағыттағы жұмыстарды қолға алу керек. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімін арттыруға суармалы егістіктердің үлесі мол болады. Көктемде еріген қар суы бірқатар облыста жайылып кетеді. Соған сәйкес су жинайтын нысандар салу керек», - деді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде сөз алған Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев құдықтардың айналысында мал шаруашылығын дамыту шаралары іске асырылатынын атап өтті.

«Қазір бұл нысандарды қалпына келтіріп жатырмыз. Біздегі үлкен резерв мал шаруашылығында жатыр. 1 млн тонна бидайды сатсақ, 150 млн доллар табыс аламыз. Ал ірі қара мал етін өткізген кезде 1 млрд доллар шығаруға болады. Тауық жұмыртқасының өзі бидайдан үш есе артық табыс әкеледі», - деді Өмірзақ Шөкеев.