• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қаңтар, 2019

Юлия Путинцева алғашқы кезеңде сүрінді

367 рет
көрсетілді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында теннистен өтіп жатқан WTA турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева да бақ сынады.

Жүлде қоры 757 900 АҚШ долларын құраған жарыстың алғашқы айналымында ол әлемдік рейтингте 181 орында тұрған Чехия теннисшісі Тереза Мартицовамен шеберлік байқасты. Ал үздіктер тізімінде Юлия Путинцева 41 сатыға жайғасқанын ескерсек, жерлесіміз бұл бәсекенің фавориті екені даусыз еді. Алайда жерлесіміз бұл додаға даяр болмай шықты. 2 сағат 16 минутке созылған сайыс 4:6, 6:2, 6:2 есебімен чехиялық теннисшінің пайдасына шешілді. 

Нева жағлауындағы жарыстың екінші кезеңіне чехиялық Петра Квитова, беларуссиялық Виктория Азаренко, литвалық Елена Остапенко, германиялық Юлия Гергес, ресейлік Мария Шарапова мен Вера Звонарева, хорватиялық Донна Векич және голландиялық Кики Берненс сынды танымал ойыншылар жолдама алып отыр.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»