Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Білім және ғылым министріне мақтау сөздер айтты.
«Барлық мектепті арнайы көлікпен, Интернетпен қамтамасыз ету керек. Білім беру рейтингіндегі позицияларымыз төмендеп жатыр» деді Елбасы.
Өз кезегінде Ерлан Сағадиев: «2018 жылы рейтингте 57-орынға шықтық. Реформалар жүргізіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын атқарып жатырмыз», - деді.
«Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізе беру керек. Балалардың алаңсыз оқуына жағдай жасап жатырсыздар. Дұрыс жолда келе жатырсың, жарайсың!» - деген Президент бас мұғалімнің жұмысына оң бағасын берді.