Қазақстан қор биржасында өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы бүгін Т380,51/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,15–ке түсті.
KASE мәліметінше, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т379 – 381,3 аралығында тұрақтады. Сауда-саттық көлемі $61,1 млн болды.