• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қаңтар, 2019

Өткен тәулікте елордаға 828 тонна көмір жеткізілді

462 рет
көрсетілді

29 қаңтардағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 14 570,4 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Сейсенбіде Астанаға 828 тонна «Шұбаркөл» маркалы көмір жеткізілді. Ал көмірдің бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге,

«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.