• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2012

«Санофи» таңдаған үздіктер

356 рет
көрсетілді

«Санофи» таңдаған үздіктер

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:05

Астанада «Санофи меди­­­ци­­налық гран­ты­­­­­­­ның» жеңімпаздары анықталды.

Еліміз Ден­саулық сақтау ми­нистрлігінің қол­дауымен фран­­­цуздың Санофи фармацевти­ка­­­лық компаниясы тағайындаған грант үшін бә­­секе осымен үш­ін­ші жыл қат­а­рынан өткізіліп отыр. Бұл игі шараның басты мақсаты – отан­дық медицина мамандары­ның ғылыми-зерт­­теу жобаларын қол­дау және дамыту болып табылады. Гранттар Қазақстан Рес­­­публикасында жүр­гізілген және еліміздің тәжіри­бе­лік ден­сау­лық сақтау жүйесіне сүбелі үлес қо­суға әлеуетті ғы­лы­ми-зерт­теу­лер мен жобаларға бері­леді. Биыл үздік ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарын марапаттау үш негіз­гі, атап айтқанда, хирургия, диабетология және онкология аталымдары бойынша жү­зе­ге асырылды. Әр аталым бойынша үш же­ңімпаз анықталды.

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:05

Астанада «Санофи меди­­­ци­­налық гран­ты­­­­­­­ның» жеңімпаздары анықталды.

Еліміз Ден­саулық сақтау ми­нистрлігінің қол­дауымен фран­­­цуздың Санофи фармацевти­ка­­­лық компаниясы тағайындаған грант үшін бә­­секе осымен үш­ін­ші жыл қат­а­рынан өткізіліп отыр. Бұл игі шараның басты мақсаты – отан­дық медицина мамандары­ның ғылыми-зерт­­теу жобаларын қол­дау және дамыту болып табылады. Гранттар Қазақстан Рес­­­публикасында жүр­гізілген және еліміздің тәжіри­бе­лік ден­сау­лық сақтау жүйесіне сүбелі үлес қо­суға әлеуетті ғы­лы­ми-зерт­теу­лер мен жобаларға бері­леді. Биыл үздік ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тарын марапаттау үш негіз­гі, атап айтқанда, хирургия, диабетология және онкология аталымдары бойынша жү­зе­ге асырылды. Әр аталым бойынша үш же­ңімпаз анықталды.

Биылғы байқауға барлығы 35, оның ішінде онкология саласы бойынша – 12, хирургиядан – 17, диабетология саласынан – 6 жұмыс жіберілді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы ғылыми жұ­мыстар жоғары сапасымен және өзектілігімен ерекшеленді.– Фармацевтикалық компаниялармен жұмыс істейтін маман ретінде, еліміздің денсау­лық сақтау саласын дамытуға бағытталған барлық шараларға белсене қатысқаны және оқыту семинарларын өткізу арқылы үлкен жұмыстар атқарғаны үшін «Санофи» компаниясын ерекше атап өткім келеді, – дейді Ұлт­тық ғылыми академиясының ака­демигі, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Раиса Күзденбаева.– Компанияның өз қызме­тін­де жоғары этикалық стандарттар мен халықаралық тәжіри­бе­ні не­­­гізге ала отырып, тұрғын­дар­дың денсаулығын нығайтуға ұмты­лыс танытуы қуанарлық жайт.«Санофи» компаниясының Орта Азиядағы бас директоры Хайсам Шрайте «Санофи» жа­риялаған байқаудың әлеуметтік-жауапты серіктес ретінде ден­саулық сақтау жүйесін жақсар­туға бағытталған Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарлама­ла­ры­­на қатысуды, медицина сала­сындағы ғылыми-зерттеу жұ­мыс­­тарына деген қызығушы­лықты арттыру және талантты қазақстандық ғалымдарды қол­дау­ды көздейтінін айтқан.«Медициналық грант» бағ­дарламасын үшінші мәрте сәтті жүзеге асыру бұл байқаудың маңыздылығын, қажеттілігін жә­не уақытында қолға алынған іс екенін дәлелдейді», – деді ол.«Cанофи» әлемдегі көш­бас­шы фармацевтикалық топтың бірі және ол әлемнің жүзден аса еліне тараған. «Санофи» мақ­са­ты – денсаулық саласындағы өзекті мәселелерді шешу және онкология мен сусамыр сынды әлеуметтік-маңызды салалар­да­ғы негізгі терапевтік ше­шім­дер­ге қолжетімділікті қамтама­сыз ету. Медицина саласындағы жо­ғарғы сапа мен тұрақты сер­пін­ді зерттеулер сынды құнды­лық­тар инновациялық ұйымның бай тарихындағы негізгі қоз­ғаушы күш болып табылады. «Са­но­­­­фи» әлемдік көшбасшы қата­ры­нан орын алғанына қара­мастан, оның стратегиясы жер­гілікті ме­­дициналық қажетті­лік­терді қа­нағаттандыру мен жер­гілікті ем­­­­делушілерге керекті тиімді ше­шімдерді жеткізудегі нақты ай­мақтарға бағытталған. «Санофи» мақсаты тек сапалы емделуге қол жеткізу ғана емес, сон­дай-ақ денсаулық сақтау сала­сындағы кәсіби мамандарды қолдау.«Санофи» компаниясының то­­­бы елімізде 15 жылдан астам уа­­­­­­қыт жұмыс істеп келеді. Онда 160-тан астам адам еңбек етуде. «Санофи» елімізге емдеудің ин­но­вациялық әдістерін, сон­дай-ақ, сапалы дәрі-дәрмек пен ден­сау­лық сақтауға арналған тұ­ты­ну­шы­лық өнімдерді, барша тұр­ғын­дарға қа­уіпсіз, тиімді, инно­ва­ция­лық және қолжетімді ше­шімдерді ұсынады.Сонымен «Санофидің» би­ыл­ғы байқауында кімдердің жұл­дызы жанды. Онкология аталымында бірінші орынға С.Асфен­дияров атындағы Қа­­­­зақ ұлттық медицина уни­вер­ситетінің өкілі, медицина ғылы­мдарының докторы, профессор У.Жұмашев ла­йық­ты деп танылды. Ол бай­қау­ға «Қазақстан Республика­сын­дағы балалар онкология­сы­ның проблемалары» деп аталатын еңбегін ұсынған болатын. Хирургия аталымында Қа­зақ­стан Республикасының Ұлт­тық ғылыми медициналық орта­лы­ғы­ның дәрігері С.Иман­құ­лов жеңімпаз атанды. Ал диабетология аталымында бірінші орын Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліктілігін арттыру инсти­туты­ның эндокринология кафедра­сы­ның ғалымдары А.Досано­ваға, Р.Базарбековаға, М.Зель­церге жә­не Ш.Әбубәкіроваға берілді.«Егемен-ақпарат».

Суретте: хирургия саласы бойынша жеңімпаз, медицина ғылымдарының докторы, про­фессор С.Иманқұлов.