• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2012

Жасыл алаңда жарқылдап

385 рет
көрсетілді

Жасыл алаңда жарқылдап

Жұма, 9 қараша 2012 7:14

Ана ретінде сіз, ең бірінші, өз балаңыздың денсаулығын ойлайсыз. Нәрлі әрі пайдалы тамақ, ұйқы, таза ауа, тазалық, жылу мен жайлылық – міне, балаға берілетін нәрселердің толық емес тізімі осы. Бала мектеп жасына келгенде уайым мен абыржу арта түседі. Балаңыздың белсенділігі де артады, мұндай жағдайда оның қуатын пайдалы іске бағыттауға  тырысасыз. Спортпен шұғылдану – ең қажетті іс. Бұл денсаулыққа да пайдалы әрі баланың бойында жеңіске жету рухы мен ерікті де тәрбиелейді. Сіздің ұлыңыз не таңдар екен? Көптеген балалармен қатар футболды таңдайтын шығар?

 

Жұма, 9 қараша 2012 7:14

Ана ретінде сіз, ең бірінші, өз балаңыздың денсаулығын ойлайсыз. Нәрлі әрі пайдалы тамақ, ұйқы, таза ауа, тазалық, жылу мен жайлылық – міне, балаға берілетін нәрселердің толық емес тізімі осы. Бала мектеп жасына келгенде уайым мен абыржу арта түседі. Балаңыздың белсенділігі де артады, мұндай жағдайда оның қуатын пайдалы іске бағыттауға  тырысасыз. Спортпен шұғылдану – ең қажетті іс. Бұл денсаулыққа да пайдалы әрі баланың бойында жеңіске жету рухы мен ерікті де тәрбиелейді. Сіздің ұлыңыз не таңдар екен? Көптеген балалармен қатар футболды таңдайтын шығар?

Футбол ұлдар үшін ең түсінікті, құмарта ойнайтын көпшілік ойын. Кез келген аулада және мектепте олар доп теуіп, достарымен асыр салып ойнап жүреді. Біреуі өскен соң ойынды ұмы­тады, енді біреуі жоғары лига футболшысы, стадион жұлдызы, миллион­да­­ған адамның көзайымы болуды армандап өмір сүреді. Тап солар үшін 2006 жылы мектеп футбол әуесқойларының топтары арасында «Coca-Cola Былғары Доп» футболдан жасөспірімдер жарысы ұйымдастырылған болатын. Бұл жарыс – Қазақстан Футбол федерациясы мен Coca-Cola компаниясының бастамасы. Жоба мақсаттарының бірі – жас­өс­пір­ім­дер футболына қолдау көрсету, бала­ларға кәсіби футболға жету армандарын жақындата түсуге көмек беру. Бұл жарыста сіздің балаңыз тек күш­тірек, мықтырақ әрі төзімдірек болып қана қоймай, спорт мансабында жоғары көтерілуге барлық мүмкіндікке ие болатынын айтудың да қажеті жоқ шығар?Жарыстың алғашқы жылдарында, негізінде, ірі қалалардың мектеп оқу­шы­лары қатысатын. Бірақ жылдан жыл­ға жасқаншақтар азайып, командалар көбейе бастады. Қазақстанның түк­пір-түкпірінен облыстар мен ауыл мек­тептерінің командалары – бәрі де ойнады. Бүгін «Coca-Cola Былғары Доп» жарысына еліміздің 5 500 мектебінің 350 000 оқушысы қатысады, осылайша бұл жарыс  Қазақстандағы ең ауқымды балалар жарысына айналып отыр. Жа­рыс­тың маңыздылығы мен сіздің бала­ңыз үшін нақты келешегі бар екенін УЕФА президенті өзі қол қойып берген  «Әлем­де балалар мен жасөспірімдер фут­болын дамытудағы ең құнды оқиға» дипломы растайды.Келешек туралы айта кететін бол­сақ: 2008 жылы  Бразилия мен Қазақ­станның ынтымақтастығы шеңберінде біздің 26 жас футболшымыз Сан-Пау­луға «Оле Бразил» футбол академиясына шебер ойынды үйренуге жіберілді. Олардың 14-і «Coca-Cola Былғары Доп» қатысушыларынан іріктеп алынған болатын. Талдықорғандық Рауан Сариев деген жасөспірімді ерекше атап кеткен жөн. Оны  бразилиялық «Атлетико Минейро» клубының жаттықтырушылары байқап қалып, жасөспірімдер құрама командасына шақырады. Командадағы ең бірінші және жалғыз шетелдік, бәрінен де кіші Рауан, команданы Минас-Жейрас штатының чемпионат финалына жеткізеді. Ол кезде ол 16 жасқа да толмаған! Қазір ол «Ботафого» клубында ойнайды. Кім білсін, мүмкін футболдың келесі жұлдызы сіздің ұлыңыз болатын шығар.

«Coca-Cola Былғары Доп» жарысы танымал болып келеді, сондықтан өт­кен маусымнан бастап ұйымдасты­ру­шылар оны жыл сайын «Күз-Көктем» стандарты бойынша өткізуді шешті. 2012 жылдың қыркүйегінде «Coca-Cola Былғары Доп» 2012-2013 маусымы басталды. Бұл күзде кіші, орта және үлкен – үш жас топтары арасында ірік­теу кезеңдері өткізіледі. Келесі жылдың көктемінде іріктеу кезеңінің жеңімпаз­дары кездеседі. Олар чемпион атағы үшін күреспек. Жеңімпаз командаларды анықтайтын финалдық ойындар үш қалада  – Тараз, Семей және Қараған­ды­да өтеді.Сіздің жас Пелеңіз бұдан не ұтар? Жарыстар кезегі 2014 жылы өтетін бү­кіл әлемнен жасөспірім командалары қаты­сатын Copa Coca-Cola (Копа Кока-Кола) халықаралық футбол жарысымен аяқ­та­лады, ал қазақстандық «Coca-Cola Был­ғары Доп» футбол жарысы осы жылдан бастап оның бір бөлігіне айналады. Үл­кен жас тобының чемпион-командасы тап сол жерге, әлемнің басты футбол алаңдарының біріне сапар шегеді! Мысалы, былтырғы жарыс чемпиондары (№ 13 мектеп, Алматы облысы, Іле ауданы) Мадридтегі Copa Coca-Cola (Копа Кока-Кола) халық­ара­лық жарысына қа­тысып, мадридтік «Реал­дың» өз ала­ңын­да – Сантьяго Бернабеуде ойнады.Орта және кіші жас топтары «Coca-Cola Былғары Доп» сияқты елеулі жарысқа қатысудан тамаша тәжірибе алып, келешекте ел намысын қорғауға зор мүмкіндікке ие болады. Сонымен бірге, жеңімпаз командалардың үшеуі бірдей ұйымдастырушылардың қолы­нан жүлделер алады!Ең бастысы – дәл осы «Coca-Cola Былғары Доптан» сіздің балаңыз ман­­­саптың шыңына шығуы мүмкін, өйт­кені матчтарға өз командаларына «жаңа күш» іздеп келетін тек отандық қана емес, шетелдік те жаттық­тыру­шылар келіп қатысады.Оған қалай қатысуға болады? Оңай. Егер сіздің балаңыз мектеп командасында ойнап жүрген болса, олар мектеп директорына барып, «Coca-Cola Был­ғары Допқа» қатысу туралы өтініш­те­рін берсе болады.Ұлыңыз өз өмірін футболмен бай­ла­ныстырғысы келе ме, жоқ па, соны сұ­раңыз да, оған қолдау көрсетіңіз!  Сіз­дің мақтанышыңыз бүкіл ел мақта­ны­шына айналсын. Қазақстан Футбол федерациясы мен Coca-Cola компаниясы оны барынша қолдауға дайын.