• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Ақпан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді

616 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан бес баланың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

 

«Астанадағы өрттің салдарынан бес баланың қаза болғаны туралы қаралы хабар қабырғамды қайыстырды. Бұл нағыз қасірет. Қаза болғандардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиға тиісті мемлекеттік органдарға және жалпы қоғамымызға сабақ болуы тиіс» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды.