• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2012

Көліктік медицинаның дамуы

331 рет
көрсетілді

Көліктік медицинаның дамуы

Жұма, 19 қазан 2012 8:05

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында көліктік медицинаны дамытудың кешенді шаралары белгіленген. Бұл шаралар әрбір қазақстандықтың сапалы медициналық көмекке барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Бұл саланы қарқынды дамыту мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығын айқын паш етеді.

Бүгінде республикамыздың көліктік медицинасының құрамында жыл­жы­ма­лы медициналық кешендер (ЖМК), «Ден­саулық», «Жәрдем» және «Сала­мат­ты Қазақстан» сияқты емдеу-диаг­ностикалық пойыздары, санитарлық авиация және трассалық медициналық-құт­қару пункттері (ТМҚП) жұмыс істейді.

Ауыл тұрғындарына қолжетімді ме­дициналық қызмет көрсетуді 49 ЖМК іс жүзіне асырады. Осы жылжымалы меди­циналық кешендер үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде 530 мың адамды дәрігерлік тексерістен өткізді. 1 миллионнан астам лабораториялық-диагностикалық зерт­теу­лер, 460 мың кәсіби мамандардың кеңестері жүргізілді.

2012 жылдың 9 айы ішінде 3 емдеу-диагностикалық пойыздары респуб­лика­мыздың барлық облыстарындағы 206 стансаның тұрғындарын медициналық тексерістен өткізді. Атап айтқанда, 41 194 тұрғын, оның ішінде 15 796 бала жан-жақты дәрігерлік тексерістерден өтті. 199 711 диагностикалық ем рә­сім­дері (оның ішінде 44 815 УДЗ-зерт­теулер, 13 067 ЭЭГ, 18 036 ЭКГ, 3 524 ЭФГДС, 12 207 ренгенологиялық зерт­теу­лер және 94 695 клиникалық-био­хи­мия­лық сараптамалар) атқарылды.

Санитарлық авиация бойынша рес­пуб­ликалық үйлестіру орталығы 2012 жылдың 9 айы ішінде 682 ұшу са­пар­ларын орындады. 906 адамға көмек көр­сетілді, оның ішінде 552 сырқат Астана және Алматы қалаларындағы респуб­ликалық клиникаларға, сонымен бірге, облыс орталықтарына жеткізілді. 289 сыр­қатқа республикалық және облыстық дәрежедегі мамандар кеңес берді, 66 адамға ота жасалды.

2011 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының трас­саларында болған жол-көлік оқиға­лары­нан зардап шеккендерге жедел меди­ци­налық құтқару көмектерін көрсету мақ­сатында 6 ТМҚП жұмыс істеуде. 2012 жылдың 9 айы ішінде ТМҚП брига­да­лары 311 рет жол-көлік оқиғалары орын алған жерлерге аттанды. Осы сапарлар барысында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 666 азаматқа, оның ішінде 33 балаға жедел медициналық көмек көр­сетілді. 289 адам, оның ішінде 26 бала ауруханаларға шұғыл жеткізілді.

Материалды Қоғамдық келісім және әлеуметтік жаңғырту саласындағы сарапшылық кеңес ұсынды