Елбасы тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында өрт қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Тексеру және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу басталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Арнайы комиссия бәрін мұқият тексеру қажет. Теледидар, газет және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Астанада орын алған қайғылы оқиға енді қайталанбауы тиіс»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бейінді қызмет өкілдерімен өткен жиында.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, пеш жағатын және апатты жағдайдағы үйлерге ерекше назар аударылатын болады.