Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Түркия СІМ Мевлют Чавушоғлымен кездесті. Бұл туралы Anadolu ajans агенттігі хабарлады.
Екі ел делегациясының кездесуі Түркияның Сыртқы істер министрлігінде өтті.
Кездесу аяқталғаннан кейін Мевлют Чавушоғлы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан СІМ-мен екіжақты қарым-қатынас сұрақтарын талқылағанын мәлімдеді.