• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Ақпан, 2019

Бағдарлама аясындағы 84 жоба

444 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасында әрбір азаматты кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, қала мен өңіріне қызмет етуге шақырған болатын. Осынау елдік деңгейдегі бастамаға Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда. Нәтижесінде үшінші мегақалада 84 жоба жүзеге асырылды.

Шымқаланы шырайландыру үшін жасалынған 32 жоба «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған. Бұл мақсатта демеушілер мен меценаттар есебінен 1,6 млрд теңге бөлінген. Игі бастамалардың басында «Отау групп» ЖШС мен «Атамекен» корпорациясы тұр. Аталған мекеме мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында құны 280 млн теңгені құрайтын, 110 орындық инклюзивті білім беру орталығын салып берді. Ал «Атамекен» корпорациясы 547 млн теңгені құрайтын 320 орындық балабақша құрлысына көмек көрсеткен.

Елбасының бағдар­ламалық мақаласындағы «Тәрбие және білім» бағыты бойынша­ Шым­­қалада 138 іс-шара ұйым­­дасты­рылып, қаладағы 94 мек­тепте робот-техникасы кабинеті ашылды. 164 мұғалім тиісті курс­та бі­лімін жетілдірді. Соны­мен қоса «Ру­хани қазына» бағдарламасы бойынша Шым­кенттегі қасиетті, киелі орын­дар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге, жал­пы саны 18 нысанға QR код­тар орнатылды. «Отырар» кі­тапханасынан коворкинг ор­талығы ашылды. «Әдеби өлке­тану» жобасы аясында түрлі конкурстар, кездесулер, айтыстар, ашық сабақтар, конференциялар мен семинарлар өткізіліп, кітаптар басып шығарылды.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

ШЫМКЕНТ