• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 06 Ақпан, 2019

Ұстаздар қауымы XXI ғасырдың тұлғасын қалыптастырады

1187 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда елімізде білім бе­­­ру мазмұны жаңа бағытқа бас­тау алды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында айтқандай, болашақта өркениетті дамыған ел­дердің қатарына ену үшін заман та­лабына сай білім қажет. Қа­зақ­станды дамыған 50 елдің қата­рына жеткізетін, терезесін тең ете­тін – бі­лім.

Президент сондай-ақ әр Жол­дауында басты назардағы мәселе ре­тінде «Еліміздің ертеңгі болашағы – ұстаздардың қолында» деп ел ұс­таздарына сенім артып отырады. Ол сенімге жету, яғни, өркениетті елдер қатарынан көріну үшін, заман талабына сай білім қажет екені білгілі.

Қай елдің де өсіп-өркендеуі, ға­ламдық дүниеде өзіндік орнын алуы ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұр­­пағы білімді халықтың болашағы бұ­лыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – қа­зір­­­­гі уақыттың басты талабы. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалімнің рөлі ерекше. 

Бүгінде ұстаз алдына қойылатын талап ерекше. Сондықтан мұғалім әрдайым ізденіп, білімін же­тіл­діріп, жаңалыққа әуес болуға тиіс. Ғылым мен білімге қояр талап ар­тып, оқу жүйесі де күрделенген шақ­та жаңа қоғам мұғаліміне жүк­телер жұмыс еселене түспек. Бі­лім беру мазмұны жаңарып, жаңаша көз­қарас пайда болды. 

Жаңартылған білім берудің ма­ңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс істей білуге баулу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ой­лауға, шығармашылықты қолдана білуге және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс – тәсілдерін үйретеді. 

Елбасымыз ұсынып отырған қа­зіргі ғаламдық жаңартулар мен заманауи өзгерістер шеңберіндегі білім берудің мақсаты – әлем­дік сапа деңгейіндегі жаңа ин­но­ва­циялық білім кеңістігін кұру жә­не жас ұрпақты абсолюттік жал­­­­­пы­­­­­адамзаттық құндылықтар не­гізінде адамгершілікке тәрбиелеу. Қо­­ғамдық қажеттілік пен тарихи ке­зең жүктеп отырған бұл мақ­сат­тың жү­зе­­ге асырылуы білім алу­шылардың өзін­дік ұлттық санасы, аза­маттық ай­қындамасы, интел­лектуалдық ой-өрі­сі, жауапкершілік сезімі, жалпы мә­дениеті және шы­ғар­машылық қабі­леттеріне байланысты екендігі сөзсіз.

Бүгінгі білім беру жүйесі мо­дер­низацияланған заманда көп тілді меңгеруге назар аударылып, жан-жақты жол ашылып отыр. «Келе­шекке кемел біліммен» деп Елбасы Н.Назарбаев ұстаным еткендей, әлем­дік білім кеңістігінің құпия­ларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр. Сондай-ақ үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар бас­­­­­­палдақтардың бірі. Осы орайда мек­­тебімізде семинарлар, түрлі коучингтер, жарыс сабақтары өткізіліп отыратындығын айта кеткеніміз жөн.

Негізінен оқу мен білімдегі тың серпілістердің мақсаты – ХХІ­­ ға­сыр дағдыларын дамытуға ба­ғыт­­­талғандығында, яғни мұға­лім­дер алдындағы үлкен міндет ғы­лым мен техниканың дамуына сәй­кес оқушының білімі терең, ойы ұш­қыр, қабілетті, әлемдік стандарт дең­­­­­гейінде жұмыс істей алатын, құ­зыр­лы тұлғаны қалыптастыру болуы керек. Осы тұрғыда мұғалім үздіксіз із­деністе жүруі тиіс.

Қарлығаш ҚАРАБАСОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі

Қостанай облысы,

Амангелді ауданы