• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2012

Тәрбие нәрі

319 рет
көрсетілді

Тәрбие нәрі

Жұма, 5 қазан 2012 7:15

Барша қазақстандықты ортақ идеяға тоғыстырып, бір бағытқа ұйыстыруда мемлекеттік тілдің атқарар міндеті, киноның, ани­мациялық фильмдердің, масс­ме­дианың рөлі айрықша деп ой­лай­мын. Өйткені, бүгінгі жас ұрпақ өмірге қажетті тәрбие нәрімен отбасынан бөлек осындай салалар арқылы сусындары сөзсіз. Осы­ған байланысты мен өз ұсы­ныстарымды айтқым келеді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, жұмыстың дені баланың сәби кезіндегі тәр­бие­сінен басталуы керек. Ол үшін бүлдіршіндерге арналған анима­ция­лық өнімдерге көңіл бөлу лә­зім. Бұл орайда төл туын­ды­лар­ды көбейтудің, ал шетелдік фи­льмдерді дұрыс сұрыптауды жол­ға қоюдың маңызы зор.

Сол секілді ересектер үшін де киноның арқалар жүгі орасан зор болмақ. Елдің киносына қарап ол мемлекетте қандай халық тұ­ра­тынын білуге болатыны – ежел­ден анық факт. Осы саламен елдің болашағы қандай бола­ты­нын да байыптайтын жұрт бар. Сол үшін бірде-бір жаңа лента мемлекет назарынан, қадаға­лау­дан тыс қалмауы керек. Мемлекеттік тілдегі, қазақстандық идея­ны қолдайтын отандық ки­ноларды көптеп шығару керек деп ойлаймын.

Шоу-бизнес пен массме­диа­ның да қоғамға берері өте көп. Бұл салалар бойынша шешімін тауып жатқан істер баршылық. Көк туы желбіреген егеменді елі­міздің еңсесі күннен-күнге көте­ріліп келеді. Жас мемлекетіміз әлі де талай асу мен белестерді ала беруі үшін Қазақстан аза­маты ретінде бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.

Александр Козлов.

Батыс Қазақстан облысы.