• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Ақпан, 2019

​Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

485 рет
көрсетілді

 

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы қызметі аясында саяси ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан мен Братислава арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселесі 2019 жылдың 5-6 ақпанында Братиславада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың словак әріптестерімен – Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Лукаш Паризекпен, парламентаралық достық тобының жетекшісі Петер Марчекпен және басқа серіктестермен өткізген келіссөздердің негізгі тақырыбы болды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабаралады.

2018 жыл Қазақстан мен Словакия қарым-қатынастары тарихында елеулі орын алғаны туралы атап өткен жөн. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25 жылдығын атап өтуіне орай, Словакия Премьер-министрі Петер Пеллегринидің Астанаға алғашқы ресми сапары және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы және саяси консультациялар өтті.

Тараптар қазақстандық-словакиялық қарым-қатынастарының сенімді сипатын қанағаттанушылықпен атап өтіп, оған Словак Үкіметі басшысының Қазақстанға сапары, оның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі және Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевпен келіссөздері жаңа серпін берді. Сондай-ақ келісімдерді тиімді іске асырудың және орнатылған саяси-экономикалық байланыстардың қарқынын қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар жоғары деңгейдегі кездесулердің оң динамикасы ағымдағы жылы да жалғасатынын атап өтті. Атап айтқанда, Р. Василенко ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы – Словакияның сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчактың Орталық Азия елдері бойынша аймақтық турнесі шеңберінде Астанаға алдағы сапарының мазмұнды аспектілерін талқылады.

Р. Василенко словакиялық әріптестерін ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен құттықтады. «Қазақстан Словакия төрағалығының басымдықтарын қолдайды, бұл, әрине, ұйымның беделін одан әрі нығайта түседі. ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық осы беделді ұйымды 2010 жылы басқарған мемлекет ретінде және ұйымда 27 жыл бойы белсенді түрде жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан үшін өте маңызды», - деді Р. Василенко. М. Лайчакпен жеке қысқаша әңгімелесу барысында ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қазақстадық тарапына ұйымдағы словак төрағалығын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, жан-жақты өзара іс-қимылдарды нығайту ниетін растады.

Қазақстан дипломаты мемлекет басшысының ЕҚЫҰ аясындағы Еуразиялық кеңістікте кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атап айтқанда, ЕҚЫҰ-ның словак төрағасы тарапынан қолдау тапқан Хельсинки Қорытынды актісінің қабылданғанына 45 жыл толуына орай, 2020 жылы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияны өткізуге бағытталған бастамалары туралы әңгімеледі. Тараптар саяси деңгейдегі диалогты жандандыруға және халықаралық алаңдарда өзара қолдау көрсетуді жалғастыруға келісті.

Сапар барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жоспарларға басты назар аударылды. Атап айтқанда, инвестицияларды тарту және отандық экспортты дамыту мәселелері қазақстандық-словакиялық бизнес-форумының және SARIO инвестициялар және сауда жөніндегі Агенттіктің сыртқы сауда департаментінің Директоры Тибор Бучекпен және Словакияның СІМ экономикалық департаментінің директоры Виктор Борецкиймен кездесулерінде негізгі күн тәртібіне айналды.

Бизнес-форумда сөйлеген сөзінде Р. Василенко экономиканың басым секторларында өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына назар аударды. «Бүгінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын алға қойып отыр, ол үшін біз ел экономикасын жаңғырту бойынша кешенді шаралар қолданудамыз, инвестициялық саясат жақсаруда, өндірістік және көлік инфрақұрылымы жетілдірілуде, осыған байланысты словакиялық бизнес үшін кең перспективалар ашылуда. Біз Қазақстанда экспортқа және тиімділікті арттыруға бағытталған қосылған құны жоғары, бәсекеге қабілетті жобаларды құруға, сауда жасауға және инвестициялауға дайын серіктестерді тартуға қызығушылық танытамыз», - деп Р. Василенко.

Қазақстан мен Словакияның іскер топтарының өзара мүдделерінің маңызды индикаторы ретінде Қазақстан нарығында словак капиталының қатысуымен 30-дан астам кәсіпорынның қызметі атап өтілді. Атап айтқанда, «Oftum s.r.o.» көз лазерлік хирургиясына мамандырылған, «ELTECO а.s.» - электрмен жабдықтау секторы, «KANTO METAL s.r.o.» және «CSBC spol s.r.o.» - қорғаныс өнеркәсібі үшін химиялық барлау машиналарын әзірлеу және сату үшін мамандырылған, «CME.Slovakia s.r.o.» - емдеу және диагностика технологияларын жеткізу, «Ish Pumps Olomuc» – электрстанцияларына арналған сорғылар мен арматура өндірісі, «PROGAST spol.s.r.o.» компаниясы ет өңдеу өнеркәсібін кешенді қамтамасыз ету саласында қызмет атқарып келеді.

Братиславаға сапар ЕҚЫҰ-ның Антисемитизммен күрес жөніндегі халықаралық конференциясына қатысумен ұштастырылды, ол ЕҚЫҰ төрағасы лауазымында Словакияның бірінші ірі іс-шарасы болды. Конференцияның ашылуында ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы - Словакия СІМ басшысы М. Лайчактың, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Ингибьёрг Гисладоттирдың және ЕҚЫҰ-ға қатысушы 57 елдің жоғары өкілдері алдында сөйлеген Р. Василенко қатысушыларды Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен діни төзімділіктің бірегей дәстүрлерімен таныстырды.

Дипломат атап өткендей, Қазақстан бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің негізгі факторлары болып табылатын діни және этникалық толеранттылық қағидаттарына адал екенін атап кетті. «Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан этникалық және діни үйлесімділік мәдениетін нығайтуға тырысып келеді, ондағы ең басты құндылық – кез келген сенім мен дәстүрді ұстанатын адам болып табылады. Бұл біздің мықты әрі мақтанарлыққа тұратын басты жетістіктеріміздің бірі», – деді ол. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат өз сөзінде қатысушыларды діни себептер бойынша кемсітушілік пен кемсітуді жою үшін бірлесіп күш салуға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан 100-ден астам түрлі этностар мен конфессиялардың, соның ішінде еврей қауымының өкілдері үшін ортақ үй болып табылатынын атап өтті.

Конференцияға қатысушылар 2018 жылы Астанада өткен «Діни көшбасшылар және қауіпсіз әлем» тақырыбындағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінің қорытындыларына ерекше қызығушылық танытты. Дипломат қатысушыларға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Съезді одан әрі дамытудың маңызды бағытына айналатын конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық құру бастамасы туралы айтып кетті.

Сондай-ақ, сапар барысында Р. Василенко Словакияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына ашық сұхбат беріп, онда Қазақстанның қазіргі заманғы дамуы, мемлекет басшысының сыртқы саяси бастамалары және екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың перспективалары туралы әңгімелеп берді.