Қарағанды облысында ақпан айының 4-і және 5-і күндері үсік шалған сегіз адам медициналық көмекке жүгініп, олардың алтауы ауруханаға жатқызылды. Тағы екі адам амбулаторлық жағдайда емделуде.
Синоптиктердің мәліметіне сай, ақпанның 6-ы мен 7-і күндері облыста ауа температурасы -37,-42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Тіпті, кей жерлерде аяз -45 градустың шамасында болады деген де болжам бар.
Осы орайда Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы жұртшылыққа хабарлама таратып, бұл күндері жылы киініп, қажет болмаған жағдайда далаға шықпау керектігін еске салады.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Egemen Qazaqstan»
Қарағанды облысы