158 тоннадан астам өсімдік өнімін Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкелуге жол берген жоқ, деп хабарлайды Россельхознадзордың баспасөз қызметі.
«2019 жылғы 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Ресей Федерациясы Мемлекеттік шекарасының Ресей-Қазақстан учаскесіндегі Орынбор облысы бойынша Ресей Ауыл шаруашылық қадағалау басқармасының лауазымды тұлғалары Первомай ауданының «Маштаково» өткізу пунктіне жіберу бойынша РФ аумағына 158 тоннадан астам жоғары фитосанитарлық қауіп - қатері бар карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 8 әрекетінің жолын кесті», - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, кінәлі тұлғалар РФ ӘҚБтК 10.2 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«2019 жылдың басынан бастап Орынбор облысы бойынша Россельхознадзор басқармасының лауазымды тұлғалары өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына байланысты 501 тоннадан астам карантинге жатқызылған өнімі бар 29 көлік құралын қайтарды», - делінген хабарламада.