• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2019

50 мыңға жуық ақтөбелікке жұмыспен қамту қызметі көрсетілді

397 рет
көрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров мәлімдеді.

 Оның айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және аз қамтылған азаматтар қатарынан 49761 адам халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып,  6,8 млрд.теңге игерілген.

«Кәсіптік және техникалық дайындыққа 1085 ақтөбелік жіберілді, 819,3 млн.теңге бөлініп, игерілді, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан 2676 адам өтіп, олардың 2034-і жұмысқа орналасты. "Бастау Бизнес" жобасы аясында  2231 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, олардың 581-і өз бизнес-жобаларын қорғады, 516 адамға қаржы берілді. 997 адам 4669,3 млн. теңге көлеміндегі шағын несие алды. Өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру мақсатында 117 адамға  мемлекеттік гранттар берілді. Бос жұмыс орындарына 28 669 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде 2186 адам жұмыспен қамтылды», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ,  облыстың 2024 тұрғыны  әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, 1301 адам тұрақты жұмыс орындарына кірді, 2587 адам «Жастар тәжірибесінен» өту мүмкіндігін пайдаланды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 1256 адам қамтамасыз етілді. Қоғамдық жұмыстармен  8849 адам қамтылды, 15 инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу жұмыстары аяқталды.

 Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2019 жылы  38 153 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарлануда, оның ішінде кәсіптік және техникалық оқытуға 1085, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2870 адам жіберіліп отыр. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізінде 1125 адам оқытылатын болса, 1526 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, оқу орнын бітірген 2340 түлекті «жастар тәжірибесіне» жіберу, қоғамдық жұмыстармен 5111 адамды қамту жоспарлануда.