Сенбі, 29 қыркүйек 2012 7:08
Құмбел – Солтүстік Тянь- Шаньның Іле Алатауында орналасқан шың. Ол – ата-бабаларымыздың бұрыннан келе жатқан қолданыстағы мағынасына сай берілген атау. 2010 жылы 30 сәуірде, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай осы атауды иеленді. Алматы қаласынан Үлкен Алматы (3684 м), Нұрсұлтан (Комсомол, 4376 м), Құмбел (3200 м) және басқа да шыңдар көрінеді. 23 қыркүйек күні таң рауандап атқан шақта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері мен ұстаздары Құмбел шыңын бетке алды. Осынау күнге арналған үлкен шаралар жалынды жастардың мекені – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жыл сайын өткізіліп тұрады.
Сенбі, 29 қыркүйек 2012 7:08
Құмбел – Солтүстік Тянь- Шаньның Іле Алатауында орналасқан шың. Ол – ата-бабаларымыздың бұрыннан келе жатқан қолданыстағы мағынасына сай берілген атау. 2010 жылы 30 сәуірде, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай осы атауды иеленді. Алматы қаласынан Үлкен Алматы (3684 м), Нұрсұлтан (Комсомол, 4376 м), Құмбел (3200 м) және басқа да шыңдар көрінеді. 23 қыркүйек күні таң рауандап атқан шақта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері мен ұстаздары Құмбел шыңын бетке алды. Осынау күнге арналған үлкен шаралар жалынды жастардың мекені – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жыл сайын өткізіліп тұрады.
Тауға саяхатты рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Александр Артемьев пен кафедра ұстаздары – аға оқытушы Айдар Жұмаділов, доцент Шолпан Әбдіреева, оқытушылар Гүлжан Айжолова мен Руслан Байбуриев, кафедра маманы Толқын Байхонова бастап барды. Тауға саяхатқа Ұлыбританиядағы Durham университетінің оқытушысы, әлемдегі бірнеше тауларға саяхаттаған Dr Алехандр Денемур де арнайы келіпті. Ал 36 жастағы Алматы қаласының тұрғыны, 1995 жылдан бері еліміздегі биік шыңдарды бағындыруды хоббиіне айналдырған заңгер Ноян Шалов дәстүр бойынша биыл тағы да Құмбел шыңына қарай бағыт алған. Сондай-ақ, тауға саяхатқа шыққандар арасында студенттер мен ұстаздардан бөлек, қала тұрғындары мен қонақтары да болды.Осы шараны ұйымдастырушы Айдар Жұмаділов жорыққа аттанған таудың табиғаты, ерекшеліктері жайлы келген қатысушыларға:– Шыңы үшкір тісті елестететін «Нұрсұлтан» шыңы алыстан еріксіз менмұңдалайды. Іле Алатауындағы Тұйықсу аумағында орналасқан шың 4376 метр биіктікте орналасқан. Көбінесе бұл шың бұрынғы атауымен әлі де «Комсомол» деп аталып жүр. Осында Кіші Алматы өзені ағып өтетіндіктен, шыңды «Кіші Алматы» деп атауға да болады. Өз басым «Нұрсұлтан» шыңын 7 мәрте бағындырған болатынмын. Бұл шыңнан өзге бірнеше қазақстандық шыңдарды да бағындырғанмын, – деді.Альпиниадаға жиналғандар «Просвещенец» демалыс үйінен (1450 м) жоғары қарай өрлеп Көкжайлауға (2350 метр) жетті. Онда топ шамалы уақыт демалысымен, Құмбел шыңын бағындыруға бет алды. Құмбелге жетпес бұрын 3 тастан құралған, шетелдік туристердің «Үш ағайын» деп атап кеткен биігіне «ат шалдырды». Ал Құмбел шыңының өзі 3 бөліктен тұрады. Қатысушылар 6 ұстаздан құралған топтар бойынша биікке қарай өрлеген болатын. Бұл жердегі ең басты ұстанатын жағдай да қауіпсіздік мәселесі болатын. Барлығы да осы мәселені қатты ұстанды.Тал-терек, шырша мен қарағай жамылған орманды таумен алға қарай өрлеп келеміз. Кенет тау жалаңаштана бастады. Шамамен 2900 метр биіктікте таулы орман аяқталады екен. Енді, керісінше, мұнда орманды жерде кездеспейтін флораның сан түрі өсетіндігі байқалды бізге. Биікке құмар, көп адамның қолы жете бермейтін, кейбір аңыздарға сүйенсек, тау перілері күзетіп, қорғайтын тау гүлі – эдельвейс (еңлікгүл) осындағы биік жартастарда өсіпті. Жартастарды жарып-кескен тау суы да көңілге ерекше күй сыйлайды. Таудың бұл бөлігі бізді кереметтерімен тамсандырмай қоймады. Алып мұздық басқан шыңдар, үлкен-үлкен гранит тастар, төменде қалған өркеш-өркеш тау жоталары, мұнартқан Алматы қаласы – бәрі-бәрі алақандағыдай көрінеді.Келесі қадам басқанымызда таудың салқын самалы соғып, биікке қарай беттеген бізді біразға дейін сынап бақты. Таңнан бері тауға көтеріліп келе жатқан біздер сағат күндізгі 2-ден 25 минөт кеткенде «Құмбел» шыңын аса табандылықпен бағындырдық.«Мұнда өзіңді бір ерекше сезінеді екенсің. Негізі, таудың бір ерекшелігі бар. Мұнда оттегінің жетіспеушілігі анық байқалды. Әрі ағзаға ауыртпашылық түсіреді. Тіпті, температураның өзі төмендеу. Мен үшін өмірде таудағы осы сапар ұмытылмас естелік болып қалары сөзсіз», деп шыңға шыққандағы ой-сезімін, көңіл-күйін білдірді география факультетінің 1-курс студенті Әсел Әбілжанова.Сонымен, біз 23 қыркүйекте «Құмбел» шыңын жастықтың жалынымен бағындырдық деп айтуымызға болады.Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің 2-курс студенті.АЛМАТЫ.