• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2019

«ҚТЖ» ҰК» АҚ сатып алу рәсімдерінің ашықтығы артады

354 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық комиссиялардың отырыстары үшін арнайы кабинет ашылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Кабинеттің жұмыс ережесінде сатып алу отырыстарын фото-бейне таспаға түсіру, сондай-ақ тіркеу мен сақтау, есепке алу  қарастырылған.

Кабинет сатып алу ережесін бұзуға жол бермеу, сенімде әрі білікті жеткізушілерді тарту, сатып алу рәсімдеріне қатысуы үшін теңдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған, конкурстық комиссиялар жұмысының тиімділігі үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.

Конкурстық комиссиялардың отырыстарын өткізу үшін арнайы кабинеттер сондай-ақ еншілес ұйымдарда, өңірлік темір жол бөлімшелерінде жұмыс істейтін болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өнімдер көлемі мен номенклатура саны бойынша белсенді тапсырыс беруші болып табылады, сондықтан да сатып алу рәсімінің ашықтығын арттыруға үлкен көңіл аударылуда.