• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2012

Экономикалық әріптестік – ілгерілеу кепілі

325 рет
көрсетілді

Экономикалық әріптестік – ілгерілеу кепілі

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:05

Кеңестер одағы тарағаннан кейінгі экономикалық байланыстар­дың шіріген жіптей үзілу салдары әлі есімізде. Егемендік алған бұ­рын­ғы одақтас республикалар ара­сында бірінші болып тәуелсіз Қазақстан көршілес Ресеймен бай­ланысты нығайтуға қадам жа­сағаны да белгілі. Ежелден барыс-келісі тоқтамаған, қарым-қатына­сы қалыпты көрші мемлекет­тер­дің экономикалық әріптестігі соң­ғы жылдары бұрынғыдан нығая түсті. Бұған көршілес аймақтарда алма-кезек ұйымдастырылып отыр­ған аймақаралық ынтымақ­тас­тық форумдары, өнеркәсіп тауарларының көрмелері де ана­ғұрлым ықпал етуде.

Ертіс өңірінде өткізілгелі отыр­ған Қазақстан мен Ресейдің IX аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында да бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларға жол ашылары сөзсіз.  Мұндай форум кезінде Ақтөбеде де өткізілді. Сонда екі көршілес мемлекеттің экономикалық әлеуетінің бір арнада даму мүмкіндіктерінің мол­ды­ғы айқын аңғарылды. Қазір де Ақтөбе өңірінде жұмыс істеп жатқан,  өз өнімдерін ұсынушы ком­паниялар бар. Біздің  құрыл­тай­шымыз – Ресейдің «Лукойл» компаниясының Қазақстанда  жұ­мыс істегеніне біраз болды. Біздің серіктестік Мұғалжар ауданында мұнай өндірумен айналысады.

Биыл ғана пайдалануға берілген серіктестіктің  газ өңдеу зауы­ты өте маңызды жоба болып та­былады. Зауыттың қуаттылығы жылына 420,0 миллион текше метр мұнайға ілеспе газды өң­деуге мүмкіндік береді. Жобаның құны – 41,7 миллиард теңге. Зауыт құрылысында 1,5 мыңнан астам адам еңбек етті. Жаңа кә­сіпорында да жаңа жұмыс орын­да­ры ашылды. Бұл зауыттың іске қосылуы облыс тұрғындары мен кәсіпорындардың көгілдір отынға деген сұранысын қанағаттан­ды­руға, сондай-ақ, жаңа өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға және өңірдегі экологиялық ахуалды сауықтыруға мүмкіндік береді.

Зауыт құрамына кіретін газ өңдеу кешенінде  420 миллион текше метр газ өңделіп қана қой­майды, бұған қосымша 300 миллион текше метр құрғақ газ, 45 миллион текше метр сығымдалған газ,  6 мың тонна газдық бензин және 10 мың тонна түйіршікті кү­кірт өндіріледі.

Серіктестік кәсіпкерліктің әлеу­меттік жауапкершілігін де ұмыт­пайды.  Мұнай өндірілетін өңір­лердегі ауылдықтардың өз кәсібін ашуға көмек беретін «Лукойл» компаниясының «Арай» әлеу­меттік бағдарламасының игілігін облыстың біздің серіктестік жұ­мыс істейтін үш ауданының тұрғындары үш жылдан бері кө­ріп келеді. Ауылдық жерде кәсіп­керлікпен айналысуға талаптан­ған­дарға 850 мың теңгеге дейін өтемсіз несие беріледі. Соның нә­тижесінде көптеген ауыл тұрғын­дары тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын ашты, қолөнершілік­ті дамытты, мал, құс, көкөніс өсір­ді. Сөйтіп, шаруасын қалып­тастырып, тұрмысын түзеді. Міне, ынтымақтастықтың пайдасы, ортақ игілігі осылай болса керек.

Форумға қатысушылардың жұ­мыстарына сәттілік тілей оты­рып, біріккен іс-қимыл­дары­мыз­дың қайтарымы мол болатынына сенім артамын. Мұндағы іскерлік кездесулер мен өзекжарды әңгімелердің ілгерілеуімізге жаңа із ашатынына еш күмән жоқ.

Андрей РЕШЕТНЕВ,

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС

бас директоры.

Ақтөбе облысы.