Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 8:05
Кеңестер одағы тарағаннан кейінгі экономикалық байланыстардың шіріген жіптей үзілу салдары әлі есімізде. Егемендік алған бұрынғы одақтас республикалар арасында бірінші болып тәуелсіз Қазақстан көршілес Ресеймен байланысты нығайтуға қадам жасағаны да белгілі. Ежелден барыс-келісі тоқтамаған, қарым-қатынасы қалыпты көрші мемлекеттердің экономикалық әріптестігі соңғы жылдары бұрынғыдан нығая түсті. Бұған көршілес аймақтарда алма-кезек ұйымдастырылып отырған аймақаралық ынтымақтастық форумдары, өнеркәсіп тауарларының көрмелері де анағұрлым ықпал етуде.

Ертіс өңірінде өткізілгелі отырған Қазақстан мен Ресейдің IX аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында да бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларға жол ашылары сөзсіз. Мұндай форум кезінде Ақтөбеде де өткізілді. Сонда екі көршілес мемлекеттің экономикалық әлеуетінің бір арнада даму мүмкіндіктерінің молдығы айқын аңғарылды. Қазір де Ақтөбе өңірінде жұмыс істеп жатқан, өз өнімдерін ұсынушы компаниялар бар. Біздің құрылтайшымыз – Ресейдің «Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істегеніне біраз болды. Біздің серіктестік Мұғалжар ауданында мұнай өндірумен айналысады.
Биыл ғана пайдалануға берілген серіктестіктің газ өңдеу зауыты өте маңызды жоба болып табылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 420,0 миллион текше метр мұнайға ілеспе газды өңдеуге мүмкіндік береді. Жобаның құны – 41,7 миллиард теңге. Зауыт құрылысында 1,5 мыңнан астам адам еңбек етті. Жаңа кәсіпорында да жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл зауыттың іске қосылуы облыс тұрғындары мен кәсіпорындардың көгілдір отынға деген сұранысын қанағаттандыруға, сондай-ақ, жаңа өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға және өңірдегі экологиялық ахуалды сауықтыруға мүмкіндік береді.
Зауыт құрамына кіретін газ өңдеу кешенінде 420 миллион текше метр газ өңделіп қана қоймайды, бұған қосымша 300 миллион текше метр құрғақ газ, 45 миллион текше метр сығымдалған газ, 6 мың тонна газдық бензин және 10 мың тонна түйіршікті күкірт өндіріледі.
Серіктестік кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпайды. Мұнай өндірілетін өңірлердегі ауылдықтардың өз кәсібін ашуға көмек беретін «Лукойл» компаниясының «Арай» әлеуметтік бағдарламасының игілігін облыстың біздің серіктестік жұмыс істейтін үш ауданының тұрғындары үш жылдан бері көріп келеді. Ауылдық жерде кәсіпкерлікпен айналысуға талаптанғандарға 850 мың теңгеге дейін өтемсіз несие беріледі. Соның нәтижесінде көптеген ауыл тұрғындары тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын ашты, қолөнершілікті дамытты, мал, құс, көкөніс өсірді. Сөйтіп, шаруасын қалыптастырып, тұрмысын түзеді. Міне, ынтымақтастықтың пайдасы, ортақ игілігі осылай болса керек.
Форумға қатысушылардың жұмыстарына сәттілік тілей отырып, біріккен іс-қимылдарымыздың қайтарымы мол болатынына сенім артамын. Мұндағы іскерлік кездесулер мен өзекжарды әңгімелердің ілгерілеуімізге жаңа із ашатынына еш күмән жоқ.
Андрей РЕШЕТНЕВ,
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС
бас директоры.
Ақтөбе облысы.