• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Ақпан, 2019

ШҚО Қаржы басқармасына жаңа басшы келді

352 рет
көрсетілді

Қайрат Шаймарданұлы облыстық Қаржы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Шаймарданұлы Ерембесов бұл қызметке облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен тағайындалды.

Қайрат Шаймарданұлы 1975 жылы туған. Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Экономика және көлік менеджменті» мамандығы бойынша білім алған.  

2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасында жұмыс істеді.  

2004 жылдан бастап  Шығыс Қазақстан облысы Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бас маманы.

2005 жылдан бастап  Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы.

2006 жылдың тамызында Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялар және құрылыс бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2009 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2009 жылдың мамырында Шығыс Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.  

2010 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму департаменті бөлімінің басшысы.

2010 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы әкімі аппарат басшысы болып тағайындалды.

2011 жылдың ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылдың қыркүйегінен бері Семей қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.