• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2010

БИЛІК ПАРТИЯСЫ БИІК БЕЛЕСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

754 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиыны өтіп, онда Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес, елдің бас қаржы құжаты – “2010-2012 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы қаралды. Жиынға Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары қатысты. Жиын барысында талқыланған мәселелер сан түрлі саланы, дә­лі­рек айтқанда, жеделдетілген ин­дус­триялық-инновациялық даму, Кедендік одақ тетіктерін жүзеге асыру, кәсіпкерлікті қолдау, мем­лекеттік әлеуметтік міндеттемелер деңгейін көтеру, 2011 жылғы Азия ойындарын ойдағыдай өткізу, Астананы дамыту секілді мәсе­лелерді қамтыды. “Бұл мәселелердің барлығы Ел­басының биылғы халыққа Жол­дауына сәйкес тыңғылықты жүзеге асырылуы тиіс. Солардың ішінде 2010-2014 жылдар аралығын қам­титын жеделдетілген индустрия­лық-инновациялық даму мем­ле­кет­тік бағдарламасының орны ай­рықша. Бұл жақын 5 жылда Қа­зақстан экономикасын ілгерілетуге бағдар беретін маңызды құжат бо­лып саналады”, деді Үкімет бас­шысы өз сөзінде. Премьердің сөзі­не қарағанда, аталған бағдар­ла­маның жақсы жақтары баршылық. Яғни, К.Мәсімов белгілі бір көз­делген мақсатқа жетуге ықпал ететін айқын тетіктермен және құралдармен байытылған деп бағаланған бағдарламаға үлкен маңыз берді. Мәселен, оның бір тетігі – ел тұрғындарының барлық топтарына жаңа мүмкіндіктер ашатынымен маңызды. Үкімет басшысы көтерген тағы бір мәселе тұрғындардың еңбек­пен қамтылуына қатысты болды. Мәселен, тек биылғы жылдың өзінде алдын ала жобаланған бір­қатар индустриялық нысандар қа­тарға қосылып нәтижесінде ха­лық­ты 25 мың жаңа тұрақты жұ­мыс орындарымен қамту көзделіп отыр. Жиында Премьер-Министр өндіріске жаңа заманғы техноло­гия­лар мен құралдарды көптеп ен­гізудің маңыздылығына тоқталып, осының аясында арнайы міндеттер қойылып отырғандығын мәселе ретінде көтерді. Бұл ауыл шаруа­шылығы кешеніндегі еңбек өнім­ділігін арттыруға сеп болмақ. К.Мәсімовтің айтуынша, егер бұл үдеріс сәтті жүзеге асса, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің жылдамдығы артады. Яғни, біздің рыноктағы тұтынатын тауарлар­дың 80 пайызға жуығы отандық өндірістің еншісіне тимек. Бас­қаша айтсақ, бұл ел экономикасын өзгенің “жақсысына” деген қажет­тіліктен арылтып, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, барымыз­ды бағалауға ықпал ететін болады. “Бізге қытайлық, я болмаса, ре­сейлік тауарлар қажет емес. Біз­ге өзіміздің отандық тауарларымыз қажет. Бірақ олардың сапасы да сәйкесінше жоғары болуы тиіс”, деді бұл жөнінде К.Мәсімов. Осы ретте ол Кедендік одаққа мүше мемлекет ретінде контрабандалық тауарлардың жолын кесу, оңтүс­тік­тегі барлық шекара бекеттерін мығымдауды қатаң қадағалау қа­жет­тігіне тоқталып өтті. Бұл өз өндірісімізге төнетін қауіптің де алдын алмақ. Премьер-Министр сон­дай-ақ, “Бизнестің жол карта­сы-2020” жобасының маңызды­лы­ғы туралы айта келе, оны жүзеге асыруға биылғы жылы респуб­ли­калық бюджеттен 27 млрд. теңге қарастырылатынын жеткізді. Жиын барысында 2010-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетке өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізуді қажет ететін көрсет­кіштер Елбасы жүктеген страте­гия­лық тапсырмаларды қаржы­лан­дыруға жол ашатындығы айтылды. Өз кезегінде сөз алған “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин бұл жиынның еліміз үшін маңызы айрықша екенін атап өтті. “Елба­сымыз, партия Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында еліміздің 1 жылдық қана емес, 10 жылдық экономи­ка­лық, әлеуметтік дамуын айқындап берді. Бүгінде сіздер мен біздер бар­лық аймақтарды аралау бары­сында Президент Жолдауының ел тарапынан қолдауға ие болып отыр­ғанына куә болудамыз”, деді Н.Нығматулин. Сондай-ақ, ол облыс, Астана мен Алматы қала­ла­ры әкімдіктерінің аймақтар мен жергілікті бюжеттер жобасын мәс­лихаттарға ұсынбас бұрын, депу­тат­тық фракциялардың отырыс­тарында жан-жақты талқылаудан өткізу қажеттігін айтты. “Бұл ретте аймақтық жұмыс аспектілерін күшейтуге баса назар аударуымыз қажет”, деді партия Төрағасының бірінші орынбасары. Отырыс қорытындысында бюд­жетке өзгерістер енгізу туралы Үкі­мет ұсынысын қолдау және рес­пуб­ликалық бюджетке енгізіле­тін то­лық­тыруларға бірауыздан дауыс беру жөнінде “Нұр Отан” ХДП фрак­циясының шешімі қабылданды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.